«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекеттік қаржыландыру тетігі бұрмаланған: Президент білім саласындағы олқылықтарды түзетуді талап етті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласындағы қазіргі тәртіптің бұрмаланғанын және оны тез арада түзету қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттің айтуынша, соңғы уақытта оның атына жекеменшік мектептерді қаржыландыру механизміне қатысты азаматтардан түсетін сауалдар жиілеген. Мемлекет басшысы бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын жақында «Turkistan» газетіне берген сұхбатында да білдірген болатын.

Жекеменшік мектептерге жүргізілген аудит қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесінің кемелсіздігінен заңсыз әрі негізсіз шығындарға жол берілгені анықталды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке білім беру саласын мемлекеттік қаржыландыру тетігін шұғыл реформалау міндетін жүктеді.

«Үкіметтің алдына білім беру саласын мемлекеттік қаржыландыру тетігін шұғыл реформалау міндеті қойылды. Қаржыландырудың нақты критерийлерін қалыптастыру қажет. Бұл ретте орта білім беру жүйесін дамытудағы бизнестің оң рөлін ескеру керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас ақпараттар

НҰРБАҚЫТ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

iPhone-да қазақ тілі пайда болады

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ ҚЫЗДАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.