«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

1 наурызда «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

«Отау» бағдарламасы жұмыс істейтін жастарды, жас отбасыларды, Отбасы банкінің салымшыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.

1 наурыздан бастап 30 сәуірге дейін қазақстандықтар Baspana market (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдай алады.

Заемның максималды мөлшері:
?Астана, Алматы қалалары үшін — 30 млн теңгеге дейін;
?басқа аймақтар үшін — 18 млн теңгеге дейін.

Бастапқы жарна — 20%-дан бастап.
Сыйақы мөлшерлемесі — 9%.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

?ҚР азаматтығы;
?Алғашқы жарнаны Отбасы Банк депозитінде кем дегенде 18 ай жинау;
?Депозиттің минималды мөлшері — 1.000.000 тг;
?Соңғы 5 жылда атында үй болмауы;
?Ресми табыс көзі;
?Өтінім беру кезінде тұрақты тіркеуі болуы;
?Арнайы балл жиналады. Мысалы, заңды некеде болса 10 балл, баласы болса 50 балл.

Ұпайлар қалай есептеледі?

?Салым бойынша сыйақы мөлшері үшін — әрбір 1000 теңгеге 5 балл;
?Салым мерзімі үшін — салымның әрбір жылы үшін 5 балл;
?Тіркелген неке үшін — 10 балл;
?Балалардың болуы үшін — санына қарамастан 50 балл.

Сондай-ақ, Астана және Алматы қалалары үшін соңғы 3 жыл тұрақты тіркеу болуы керек. Ал басқа аймақтар үшін өтінім беру уақытында сол аймақта тұрақты тіркеуінің (прописка) болуы маңызды.

ҚР азаматтары 1 наурызда өтінім беріп, балл жинай бастайды. Ұпайы жоғары қазақстандықтар баспананы мамыр айынан бастап ала бастайды. Бағдарлама 7 жылға созылады, 50 000 адамды баспаналы етеді деп жоспарлануда.

Бағдарламаға барлығы (18-63 жас) қатыса алады, бірақ 35 жасқа дейінгі жастарға басымдық беріледі.

Ұқсас ақпараттар

Полиция департаменті ескертеді: ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған

admin_mugalzhar

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШІ ҚАРАЛДЫ

admin_mugalzhar

Еңбекке жарамсыздық парағы электронды нұсқаға ауыстырылмақ

admin_mugalzhar