«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еңбекке жарамсыздық парағы электронды нұсқаға ауыстырылмақ

Денсаулық сақтау министрлігі еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларына өзгерістер енгізетін бұйрық дайындады. Атап айтқанда құжатты тек электронды форматқа ауыстыру ұсынылады. Бұйрық Ашық НҚА порталында 3 ақпанға дейін жария талқыға түседі, — деп жазды «turkistan.kz» сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Қазіргі таңда «Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік қызметі электронды түрде де, қағаз түрінде де көрсетіледі. Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігі қағаз құжаттарды пайдалануды оңтайландыру және азайту мақсатында аурухана парақтарын және еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтаманы электрондық форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын мәлім етті.

«Бұл өзгерістердің негізгі мақсаты – азаматтардың медициналық мекемелермен және билік органдарымен өзара іс-қимылын жеңілдету, сондай-ақ медициналық қызметтердің ыңғайлылығы мен қолжетімділігін арттыру», – делінген хабарламада.

ДСМ өкілдері бұл өзгерістер қоғамда резонанс тудырмайды немесе теріс талқылау қаупін тудырмайды деп отыр.

Ұқсас ақпараттар

Олжас Бектенов Президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады

admin_mugalzhar

Евгения АТАЕВА: ҚАЗАҚ ТІЛІН БАЛАЛАРЫММЕН БІРГЕ ҮЙРЕНДІМ

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар қандай әлеуметтік желіде көбірек уақыт өткізеді?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.