«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан негізінен Қытай, Ресей және Италия елдеріне тауар экспорттайды

Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның 2023 жылғы сыртқы сауда нәтижелерін жариялады, – деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Ондағы деректерге қарағанда, тауар айналымының өсуі байқалады.
«Қазақстандық тауарларды өткізудің негізгі нарықтары Қытай, Ресей және Италия болып табылады. Қытай Қазақстанның басты сауда серіктесі болды.

Қазақстан Азия елдеріне (Қытай (+10%), Гонконгқа (+34%), Оңтүстік Кореяға (+30%), Вьетнамға (+64%) шикізаттық емес экспортты ұлғайтты», — деп жазды ведомстводан.
Тауар айналымындағы Қазақстан экспортының үлесі 56,3%-ды құрайды.
Экспорттың жалпы көлемінде өңделген тауарлардың үлесі – 32,1%.
Тауар нарықтарының саны 131 мемлекеттен 135 мемлекетке дейін өсті.

Ұқсас ақпараттар

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

admin_mugalzhar

АҚКЕМЕРЛІК “ШАМШЫРАҚ” ТЕАТРЫ ҮЗДІК АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.