Астрономдар көктемнің бірінші айының оныншы күні – наурызда магнит дауылы болады деп болжап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Ғарыштық зерттеулер институтының Күн астрономиясы зертханасының сайтында ұсынылған кестеге сәйкес, 18 ақпаннан 10 наурызға дейін Жердің магнитосферасы тыныш болады.
Ал 10 наурыз бен 12 наурызды қоса алғанда, G1 магниттік дауылдары болжанып отыр.
Магниттік дауылдардың күші бес балдық шкала бойынша бағаланады. G1 дауылы әлсіз болып саналады. Дегенмен ауа-райына тәуелді адамдар мұны сезеді. Созылмалы аурулары бар адамдардың жалпы денсаулығы нашарлауы мүмкін. Оларға өз денесін мұқият тыңдауға және қажет болған жағдайда тиісті көмек алуға кеңес беріледі.
G1 магниттік дауылының 18 және 19 ақпанда болатыны алдын ала хабарланған. Болжам өзгерді.