«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ЕМІ — ЕКПЕ

АУДАННЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРІ БҮГІНДЕ АУДАН АУМАҒЫНДА ҚЫЗЫЛША АУРУЫНЫҢ ТАРАЛУЫ СӘЛ БОЛСА ДА БӘСЕҢДЕГЕНІН АЙТАДЫ. ДЕГЕНМЕН, ҚАУІПТІҢ ӘЛІ ДЕ БАР ЕКЕНІН ЕСТЕН ШЫҒАРМАЙ, САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ҰСТАНЫП, ЕКПЕ АЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЕСКЕРТТІ.

Санитариялық мамандардың мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері қызылша жұқтыруы мүмкін 185 жағдай күдікке ілінген. Оның 131-і 14 жасқа дейінгі бала, 48-і ересек, 6-ауы жасөспірім. Ал зертханалық және клиникалық жолмен расталған 109 жағдайдың 107-сі балалар арасында тіркелген. Екпеден бас тартқандар саны – 80.
Науқастанып қалғандардың басым бөлігі қызылшаға қарсы екпе алмаған адамдардың арасында тіркелген. Мамандар осы олқылықтың орнын толтыру үшін аудан аумағындағы мектеп пен балабақшаларға барып, екпеден бас тартқан ата-аналармен жеке сөйлесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
2023 жылдан бастап осы күнге дейін 818 адам қызылшаға күдікті ретінде тіркелді. Оның ішінде — 601-і бала, 47-сі жасөспірім, 170-і ересек. Осының ішінде 584 жағдай клиникалық белгілермен және зертханалық жолмен расталып, 171 адам есептен шығарылды. Аудан тұрғындарының назарына қы-зылшаның алдын алу үшін вакцинаның маңызды екенін айтқым келеді. Бүгінгі таңда қызылшаға қарсы вакцинация жүргізу үшін аудандық ауруханаларда вакцина қоры жеткілікті. Сондықтан мамандар барша тұрғындарды балалардың денсаулығын қатерге тікпей, уақытылы вакцина қабылдауға шақырып, түсін-дірме жұмыстарын жүргізуде, — деді аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов.
Бүгінде қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау жұмысы жүйелі жүргізілуде. Жаппай иммундау аясында 6 ай мен 10 ай 29 күн аралығындағы 575 бала, 1-4 жас аралығындағы 2822 бала екпемен қамтылған. Сонымен бірге 112 медициналық қызметкер екпе алған.

Ұқсас ақпараттар

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ — ҚҰРМЕТТІ МАМАНДЫҚ

admin_mugalzhar

МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Жыртық аяқ киім

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.