«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еліміздегі орман өртін сөндіру техникалары жаңартылады

Жыл басынан бері Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мекемелері үшін 3,7 млрд теңге сомасына 136 шағын орман өрт сөндіру кешені мен 60 трактор жеткізілді. Бұл туралы Министрлік басшысы Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Ерлан Нысанбаевтың мәліметінше, Маусым айының соңына дейін тағы 166 өрт сөндіру машинасы, 27 шағын орман өрт сөндіру кешені және 11,3 млрд теңге сомасына 15 трактор жеткізіледі.

«Облыс әкімдіктері орман шаруашылығын жарақтандыруға биыл жергілікті бюджеттен 6,3 млрд теңге және лизинг есебінен 20 млрд теңге бөлді. Осылайша, жыл соңына дейін әкімдіктердің орман шаруашылықтарына 26,3 млрд теңге сомасына 186 өрт сөндіру машинасын, 186 шағын орман өрт сөндіру кешенін және 247 трактор сатып алу жоспарланып отыр. Қабылданып жатқан шаралар еліміздің ең өрт қаупі жоғары 11 өңірінде орман шаруашылығын жаңартуға және 100% жарақтандыруға мүмкіндік береді», деді министр.

Ұқсас ақпараттар

АЭС энергияны қажет ететін салалар үшін маңызды

admin_mugalzhar

2022-2023: ЖАҢАЛЫҚ ПЕН ӨЗГЕРІС

admin_mugalzhar

Оңтүстік Кореяда президент жақтастары парламенттік сайлауда жеңіске жетті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.