«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОКРУГТЕРДЕ КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың тапсырмасына сәйкес ауданға қарасты қалалық және ауылдық округтерде қардың еруі мен жауын-шашынның салдарынан болуы ықтимал жағдайлардың алдын алу шаралары ұйымдастырылуда. Өзендердің су басу қауіпі бар жағалаулары мен сағалар анықталып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде,

Ащысай және Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округтерде көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар атқарылуда.
Қаракөл ауылындағы 5 суағар қардан тазартылды. Ауылішілік көшелер де «DSI GROUP» ЖШС-нің техникасымен және ауыл азаматтарының көмегімен тазартылып, су кетеді деген жерлерді жыртып, арнайы із салынды.

Ащысай ауылдық өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері және ақылы қоғамдық еңбек арқылы қабылданған жұмысшылардың көмегімен ауыл ішіндегі және жол бойындағы суағарлар қардан және қоқыстардан тазартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Ұқсас ақпараттар

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МЕЙРАМБЕК ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУДА

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

Теплица мала, но на отдачу щедра

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.