«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

671 ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРЕДІ

2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ 12 741 ОҚУШЫ БІЛІМ АЛУДА. ОНЫҢ ІШІНДЕ 671 ТҮЛЕК МЕКТЕПТІ АЯҚТАСА, 1156 ОҚУШЫ 9-СЫНЫП БІТІРЕДІ. АЛ 1270 ОҚУШЫ БАСТАУЫШ СЫНЫППЕН ҚОШТАСАДЫ.

Аудандық білім бөлімінің мамандары оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын, ал 1-10 сынып оқушылары үшін соңғы оқу күні 23 мамыр болып белгіленіп, «Білімім – отаныма» атты бірыңғай сынып сағаты өткізілетінін хабарлады. 11- сынып оқушылары үшін мектеппен қоштасу салтанаты 25 мамырда ұйымдастырылады.

-2023 жылдан бастап еліміздегі барлық мектептерде оқыту тіліне қарамастан қазақ тілі мен әдебиетінен аралық емтихан өткізу енгізілген. Биыл бұл емтиханды 5, 6, 7, 8 және 1 0 — сынып оқушылары 27-31 мамыр аралығында тапсырады. Ал қорытынды мемлекеттік емтихандар 9- сыныптар үшін 29 мамыр – 10 маусым аралығында өтсе, 11-сыныптар үшін 30 мамыр – 16 маусым аралығында өтеді. Биылғы оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің арасында 34 «Алтын белгіге» және 36 «Үздік аттестатқа» үміткер бар, — деді аудандық білім бөлімінің басшысы Аманжол Бахраман.

Ол биылғы жылы ҰБТ тапсыру ережесіне біршама өзгерістер енгізілгенін жеткізді. Түлектер еліміздің жоғары оқу орындарына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеуден өту міндеттелген.

ҰБТ-ның басталғанына 20 жылдай болды. Жыл сайын ол жетілдіріліп, рәсімдегі жаңалықтар пайда болуда. ҰБТ-дан түрлі санаттағы талапкерлер өтеді. ҰБТ-да талапкер 5 пәннен тест тапсырады. Оның үшеуі міндетті пәндер болса, қалған екеуі – бейінді, яғни оқитын мамандығына қарай таңдайды. Жалпы тапсырмалар саны – 120. Жоғары балл – 140. Ұлттық жоғары оқу орнына түсу үшін – кемінде 65 балл, басқа оқу орындарына – кемінде 50 балл жинау керек. Сонымен бірге «Педагогикалық ғылымдар», «Құқық» – кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау» – ке-мінде 70 балл. Сондайақ, әр ЖОО білім беру бағдарламалары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді. Біздің ауданнан жалпы саны 640 бала ҰБТ тапсыруға өтініш берді, — деді бөлім басшысы.

Н.КЕСІКҚҰЛ

 

Ұқсас ақпараттар

4 ЖЫЛДА: 427 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Суданда 720 мың адам су тасқынынан зардап шекті

admin_mugalzhar

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.