«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОТБАСЫ — ЕҢ НЕГІЗГІ ҚҰНДЫЛЫҚ

Аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Сансызбай Мұқановтың төрағалығымен аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы комиссия хатшысы А.Давлетов баяндады. Балалар мен әйелдер арасында суицидтің алдын алу және әйелдерге қатысты жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмаудың тиімді әдістерін қолдау туралы комиссия мүшесі Ж.Кужахметованың баяндамасынан көрініс тапты. Ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау туралы атқарылып жатқан жұмыстарға комиссия мүшесі Д.Тлекешова тоқталып өтті.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берілді. Отырыс соңында аудан әкімінің орынбасары Сансызбай Мұқанов қыз-келіншектерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Ұқсас ақпараттар

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

Әділет министрлігі: 2019 жылы саяси партия ретінде тіркелуге 7 ұйым өтініш берді

admin_mugalzhar

ЖАРҚЫН ЖЫЛДАР, ШУАҚТЫ ШАҚТАР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.