«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«КӨҢІЛДІ МӘРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ

«Жасstar» денешынықтыру-сауықтыру кешенінде ҚР қазынашылық жүйесінің 30 жылдық мерейтойына арналған “Көңілді старт” сайысы өтті. Шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, аудандық мәслихат төрағасы Бақытжан Кадралин, Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы Рахым Мынбаев және Қазынашылық басқармасының басшысы Жұмагүл Мухамбетова және сала қызметкерлері қатысты.

Мұғалжар аудандық қазынашылық бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Шараның басында мерейтой иелерін құттықтаған аудан әкімі Дархан Ермағанбетов осы салада қажырлы еңбек етіп, аудан экономикасының дамуына үлес қосып жүрген Зинагүл Хамитова, Нұргүл Сулейменова және Светлана Мамбетжанова Алғыс хатпен марапаттады.
Ал Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы Рахым Мынбаев өз кезегінде аудан басшылығына өз ризашылығын білдіріп, әріптестерін мерекемен құттықтады. Сондай-ақ Мұғалжар аудандық Қазынашылық басқармасының бас маманы-бас қазынашысы Эльмира Шимкаева мен Рзагүл Қожабаеваға ҚР Қаржы министрі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің Құрмет грамотасын табыстады.
Шара аудандық мәслихат төрағасы Бақытжан Кадралиннің құттықтау сөзімен жалғасын тауып, эстафеталық сайысқа ұласты. Сайысқа «Қазына», «Қаржы», «Барыс» және «Сұңқар» топтары қатысып, Рахым Мынбаев пен Мұғалжар аудандық Қаржы бөлімінің басшысы Айнагүл Назарбаева және МБЖСМ спорт әдіскері Жеңіс Қалабай төреші болды.
7 түрлі кезеңнен тұрған қызу тартысты сайыстың қорытындысы бойынша «Қазына» тобы I орынды жеңіп алды. Ал «Қаржы» тобы II орын иеленсе, жүлделі III орынды «Сұңқар» тобы қанжығасына байлады. «Барыс» тобына «Белсене қатысқаны үшін» аталымы берілді.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының ХІХ маусымы басталды

admin_mugalzhar

НА СТРАЖЕ ЗДОРОВЬЯ СЕЛЬЧАН

admin_mugalzhar

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз алтыншы сессиясын шақыру

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.