«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде студенттерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Ақтөбе облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында облыс орталығының аумағында бопсалаумен айналысқан оқу орындарының бірінің студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Күдіктілер күш көрсетіп қорқытып, Ақтөбеде колледж студентінен ірі көлемде ақша бопсалаған. Күдіктілер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақшалай қаражатты алғаннан кейін ұсталды. Адамдар тобы болып жасалған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Мүндай қылмыс үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ұсталғандар кінәсін мойындап, тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Ұқсас ақпараттар

В ОКРУГЕ РАБОТА КИПИТ

admin_mugalzhar

Қазақстан халқы желтоқсан айында қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

ЖҰРЫН АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.