«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СҮЙЕК ДОМБЫРА — МУЗЕЙДІҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРІ

Аудандық тарихи-өлкетану музейінің қорынан ойып тұрып орын алатын құнды жәдігерлердің бірі – сүйек домбыра. Бұл домбыраны музейге мұғалжарлық дәулескер күйші, әуесқой композитор Жаңаберген Әлбетов өз қолымен тапсырған. Домбыраның ерекшелігі сол — ірі малдың сүйегінен қайнатылып жасалған және жезден ойылған оюлармен ерекше өрнектелген. Домбыраның сазы да, үні де ерекше.

Бұл аспапты Жаңаберген Әлбетов көзі тірісінде 2000 жылы — Мәдениетті қолдау жылында өзі әкеліп, тарихы туралы сыр шертіп, үлкен қимастықпен көзіне жас алып тапсырған еді. Екі ғасырлық тарихы бар домбыра — күйшінің әкесінен қалған құнды мұра екен.

Жаңаберген Әлбетов 1936 жылы Жұрын ауданының Бөгер ауылында дүниеге келген. Өзінің айтуынша, 5 жасынан қолына домбыра алып, шертуге талаптанған екен. Оны көрген ауыл тұрғыны Шаймерден Оспанов балаға ерінбей-жалықпай Қазанғаптың күйлерін үйретіпті. Домбыраның қос ішегін дегеніне бағындырған Жаңаберген Балтөреұлы әуесқой композитор, күйші ретінде көптеген байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Ж.Әлбетов екі рет Қазақ КСРО Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Оның «Шаттық биі», «Самал», «Жаса Қазақстаным», «Әке толғанысы» сияқты бернеше күйлері бар.

2007 жылы біздің музейге киелі өнердің ордасы Алматыдан Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев келген еді. Сол кезде осы домбыраны қолына алып, шертіп кө ріп, қатты қызықты. Қымбат баға ұсынып, сатып алмақшы да болды. Біз келіспедік. Себебі Жаңаберген ата бұл домбыраны бізге арнайы аманаттады емес пе?! Бүгінде тарихы тереңнен тартатын бұл дүниені көзіміздің қарашығындай сақтап отырмыз.

Лилия ШАМҒАЛИЕВА, аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ЖҮРЕК АУРУЫ ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ

admin_mugalzhar

ӘЛИМА САЛҒАН ЖЫР ҚАНДАЙ?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.