«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҰСЫНЫСТАРЫН АЙТТЫ

«Қазақстанда су тасқынына тән инфекциялар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында СЭҚ ауыз сумен қамтамасыз етуді бақылауды күшейтті. Су тасқыны басталғалы бері 4 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынып, санитарлық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштері бойынша тексерілді», — делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау нәтижелері бойынша жұқпалы аурулардың су арқылы таралу қаупі жоқ.

Бұған қоса Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында мынандай кеңес береді:

▪️ Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз;

▪️ Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз; ⁠

▪️ Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны үшін қол жетпейтін жерлерде сақтаңыз;

▪️ Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендеуден, тамақ дайындаудан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз; ⁠

▪️ Су тасқынынан кейін барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;

▪️ ⁠Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т. б.), бұл туралы дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.

Ұқсас ақпараттар

ЕЛ ҚАНДЫАҒАШТЫҢ АЩЫ ШЫНДЫҒЫ

admin_mugalzhar

Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйым салуды жойған жоқ

admin_mugalzhar

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — АУЫЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ КЕПІЛІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.