«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ: 763 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Мұғалжар ауданында көктемгі санитарлық тазарту және абаттандыруға бағытталған екі айлық аясында ауқымды жұмыстар қарқын алып келеді. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде ұйымдастырылып жатқан бұл шаралар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға және елді мекендердің келбетін көркейтуге бағытталған.
Жалпыға ортақ іске айналған тазалық жұмыстары ауданның барлық елді мекендерін қамтып, жүйелі жүргізілуде. Атап айтсақ, наурыз айының аяғына дейін аудан аумағында 100 қоқыс жиналу орны жойылып, 711,5 тонна тұрмыстық қалдық сыртқа шығарылды. Сонымен қатар көшелер, қоғамдық орындар мен тұрғын үйлердің аулаларындағы 893 аумақ тазартылып, нәтижесінде 763,8 тонна қоқыс шығарылған. Тазалық жұмыстары барысында саябақтар мен скверлер де назардан тыс қалған жоқ. Жалпы 39 нысан қамтылып, 711,4 гектар аумақ абаттандырылып, ретке келтірілді. Демалыс орындарының тазалығы мен тартымдылығы тұрғындардың жайлы уақыт өткізуіне мүмкіндік беріп отыр. Инфрақұрылымдық нысандар бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілді. Аудан көлемінде 114 шақырым автомобиль жолы абаттандырылып, су айдындары жағалауларының 162 шақырымы тазартылды. 798 аула ретке келтіріліп, оның ішінде 318 көпқабатты тұрғын үй мен 480 жеке сектор қамтылды. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына 75,8 тонна қоқыс жеткізілді.
Бұдан бөлек, 47 саябақ пен сквер, 64 тарихи-мәдени ескерткіш аумағы тазартылып, 129 әлеуметтік және 31 өндірістік-кәсіпкерлік нысан қамтылды. Су нысандары бойынша 30 аумақ тазартылып, оның ішінде 14 өзен-көл, 15 субұрқақ және 238 метр арық жүйесі ретке келтірілді.
Жалпы тазалық шараларына 2071 адам қатысып, 175 мекеме мен ұйым жұмылдырылды. Сондай-ақ, 70 бірлік арнайы техника тартылып, жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуына ықпал
етті.
А.ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ЕСЕП БЕРУ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ҚАУІПСІЗ ОТБАСЫ — ТҰРАҚТЫ ҚОҒАМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.