«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Асхат Шахаров Жағабұлақ пен Бірлік ауылдарында зақым келген үйлерді аралады

Асхат Шахаров Жағабұлақ пен Бірлік ауылдарында зақым келген үйлерді аралады.

«Қызылорда қаласынан екі ай бұрын көшіп келдім. Үйімді су басып, дүние-мүлкім жарамсыз болып қалды. Комиссия келді, бағалаушылар тексеріп шықты, әрі қарай бұл үйде тұруға болмайтынын айтып, үйлі болудың бірнеше жолын айтты. Қандыағашқа көшеміз деп отбасымызбен шешім қабылдап, комиссияға өтініш бердік. Күтіп отырмыз», — деді Бірлік ауылының тұрғыны Ақшагүл Әбдіраманова өңір басшысына.

Жалпы, Мұғалжар ауданында су тасқыны 72 тұрғын үйге, 8 шаруа қожалығына, 3 коммерциялық нысанға зақым келтірді. Қазіргі таңда отбасыларды баспанамен қамту мақсатында Жағабұлақ ауылында жаңа14 үй және Бірлік ауылында 5 үй салынатын болады. Ал қалған тұрғындар мемлекет тарапынан берілетін қаражатқа ауылдан және аудан орталығынан өздері тұратын үйлерін қарастыруда. Су тасқынынан зардап шеккен 72 үйдің иелеріне біржолғы төлемақы төленді.

Сондай-ақ, бүгінгі күнге аудан бойынша бес жеке адамның 7 бас ірі қара малына және бір шаруа қожалықтың 10 бас малына, барлығы 6 млн 300 мың төленген.

Тұрғындар кездесу барысында өңір басшысына сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Оларды салынатын үйлердің жобалары, оларды тұрмыстық техникалармен қамту, жарамсыз қалған баспаналардың орнын тазарту, бөгеттер салу, су бұзған көпір мен жолды жөндеу және тағы да басқа мәселелер мазалайды. Сонымен қоса, Бірлік ауылының тұрғындары жаңа мектеп пен балабақша сұраса, Ембідегі жұрт арықтар мен қатты тұрмыстық қалдықтар төгілетін полигон мәселесін жуық арада шешіп беруді өтінді.

Облыс әкімі құрылыс басқармасына Бірлік ауылында жаңа мектеп-балабақшасалуға қатысты жоба әзірлеу қажеттігін алға тартты. Бұл ауылдағы көпірдің мәселесі де шешімін тапқан. 1,5 млрд теңгені құрайтын жоба әзірленуде.

Ембідегі полигонның жобалық-сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сараптамада, ал қала ішіндегі арықтар кеңейтіледі.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде 600-дан астам нысанда «Ashyq» қосымшасы жұмыс істеп тұр

admin_mugalzhar

Гульдана на страже порядка

admin_mugalzhar

Желтоқсанда азық-түлік бағалары өзгермейді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.