«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе өңірінде мал иелеріне 144,3 млн теңге өтемақы төленді

Өңірде су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек беру шаралары тоқтаған жоқ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес табиғи апат салдарынан мүлкі жарамсыз болып қалған, малы өлген, басқа да шығындарға ұшыраған азаматтарға барынша қолдау көрсетілуде.

Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде 3232 бас мал өлді. Бәрінің көзі жойылды. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні 909 бас малға 144,3 млн теңге төленді.

Тасқын салдарын жою мақсатында құрылған арнайы комиссия әлі де жұмыстарды жалғастырады. Шығынды есептеумен қатар өтеу де қолға алынған.

Айта кетейік, су тасқыны кезінде қырылған мал өтемақысын төлеудің алгоритмі бар. Ол үшін өлексесі, сырғасы болуы керек әрі ауыл шаруашылығы базасында тіркелгені расталады.

Статистика департаментінің аудандық филиал өкілдері малдың жас ерекшелігіне байланысты нарықтық бағаны айтады. Сол дерекке сәйкес малдың өтемақысы анықталады. Аудандағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою комиссиясы акті жасап, шешім шығарған соң қаржы аударылады.

🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Ұқсас ақпараттар

ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАНҒА КЕЛДІ

admin_mugalzhar

НА СЕЛЕ СТАНЕТ СВЕТЛЕЕ

admin_mugalzhar

АЩЫСАЙ АУЫЛЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.