«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МУЗЕЙДЕ ӨТКЕН БІРЛІК КҮНІ

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында Мұғалжар аудандық тарихи-өлкетану музейінде арнайы шара өтті. Жас ұрпаққа патриотизмді, отансүйгіштікті, ынтымақтастықты, достықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға ауданның өзге ұлт өкілдері, МГТК колледжінің студенттері қатысты.

Оның ішінде өзбек Закир Гафуров, украин ұлтынан Татьяна …………………. және аналар кеңесінің төрайымы Жұмагүл Асабаева бар.
Жиында сөз сөйлеген аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Шамшат Әбдірзақов ұлттар татуластығы мен бейбіт өмірдің және бірліктің баға жетпес маңыздылығын атап өтіп, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ басқосуда қонақтар сөз сөйлеп, оқиғаларымен бөлісіп, өздерінің шынайы тілектерін білдіріп, бәрінің басын қосып отырған көпұлтты Қазақстан мемлекетімен мақтанатындарын атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

Үкімет жанындағы инновациялық штаб кәсіпорындардың даму жағдайына кешенді түрде түгендеу жүргізеді

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

admin_mugalzhar

Береке басы – бірлік

admin_mugalzhar