«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘСКЕРГЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

ҚР Қарулы Күштерінің мәртебесі мен имиджін көтеру және жастарға әскери қызметті насихаттау мақсатында бүгін Қандыағаш қаласындағы аудандық қорғаныс бөлімінде жас сарбаздарды салтанатты түрде әскерге шығарып салу рәсімі өтті .

«Әскери борыш — абыройлы міндет» тақырыбында өткен бұл шараға Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетов, Мұғалжар аудандық Қорғаныс бөлімінің бас — тығы, майор Азамат Байдосов және ауған соғысының ардагері Роман Тасқынбаев қатысты .

«Өз еліңнің патриоты болу, оны қорғау – әр азаматтың Отан алдындағы абыройлы міндеті, қасиетті борышы! Ер -азаматтың сарбаз болып сапқа тұрып, Отан алдында адал болу үшін ант беру аса маңызды сәт. Барлық әскерге аттанған жас сар — баздарды антына адал, сертке берік болып, әскери міндетті мінсіз атқаруына тілектеспін», – деді ең алғашқы болып сөйле ген Бекболат Құлмағамбетов.

Шара барысында №1 ЖББОМ -нің әскери -патриоттық клубының қатысушылары автоматты шашып -жинау бойынша көрсетілім көрсеттті, сондай -ақ патриоттық әндер шырқалып , әскер қатарына шақырылушыларға сыйлықтар таратылды . Сонымен, Отан алдындағы абыройлы борышын өтеуге мұғал — жарлық 8 жас аттанды. Олар Ақтау қаласындағы № 5 1809 әске — ри бөлімі әуе қорғаныс күштерінде борыштарын өтейтін болады .

А .МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Жаппай тәртіпсіздік кезінде түсірілген бейнематериалдарды жинайтын сайт ашылды

admin_mugalzhar

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ОТБАСЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.