«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мұғалжар ауданының әкімі Д.Ермағанбетовтың 2024 жылғы 14 мамырдағы №164 өкімімен Өтемұратов Талғат Орналыұлы меритократия қағидасына сәйкес ішкі конкурс арқылы Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Талғат Орналыұлы 1981 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2008 жылдары Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының бас маман-заңгері, 2008-2009 жылдары Мұғалжар ауданы әкімінің көмекшісі, 2009-2010 жылдары Мұғалжар аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2011-2013 жылдары Мұғалжар аудандық экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары, 2013-2016 жылдары Ақкемер ауылдық округінің әкімі, 2016-2019 жылдары Мұғалжар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды. 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Қандыағаш қаласының әкімі болып еңбек етті.

Аудан әкімдігінде өткен актив отырысында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов жаңадан тағайындалған аудан әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратовтың қызметіне сәттілік тіледі.

Ұқсас ақпараттар

32 мыңнан аса отбасы жалға берілетін және кредиттік пәтермен қамтамасыз етіледі

admin_mugalzhar

1 желтоқсаннан бастап жазғы шинамен жүрген автокөлік иелеріне айыппұл салынады

admin_mugalzhar

Тоқаев Ақтөбе облысының әкімін қабылдады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.