«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҚКЕМЕР: ИНКЛЮЗИВТІ БАЛАЛАРҒА КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебінде инклюзивті балаларға арналған Психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті ашылды.

Кабинеттің ашылу салтанатына округ әкімі Дамир Қожаниязов, мектеп директоры Әсел Бүркіталина және ардагер ұстаздар қатысты. Аталған кабинет «Туған жерге тағзым» акциясы аясында әр жылдарда мектепті бітірген 1999, 2004, 2009 жылғы түлектер және ауыл азаматтары Қайрат Алмағамбетов пен Ізгілік Тлесовтің демеушілігімен жүзеге асырылды. Сонымен бірге кабинетте оқу мен үйренуге қажетті құрал-жабдықтардың барлығы дерлік бар. Жасақталған кабинеттің ішін қажетті жабдықтармен ауыл кәсіпкері Ғалым Айтымбетов жабдықтады. Шара соңында мектеп директоры Әсел Бүркіталина аталған кабинетті жасақтауға атсалысқан барлық азамат пен азаматшаларға алғысын білдіріп, ұжым атынан ризашылығын жеткізді.

-Туған жердің киесі мен қадірін әр азамат жүрегімен сезініп аялай білсе, көк туымыздың мәңгі желбірейтіні анық. Атамекен жеріне бей-жай қарамай, туған елінің ахуалын жақсартуда үлесін қосып жүрген Ақкемер топырағынан түлеп ұшқан жандарға алғыс айтамыз, — деді ол.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

САҒА АУЫЛЫНДА СПОРТ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

Қазақстанда көмірді онлайн сату жолдары енгізіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.