«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САҒАШИЛІДЕ «КЕЛІНТӨБЕ» АШЫЛДЫ

Еңбек ауылдық округінің орталығы Сағашилі ауылында жаңадан отбасын құрған жас жұбайлардың барып, естелік суретке түсетін «Келінтөбе» ашылды.

Оны Сағашилі орта мектебін 2004 жылы бітірген түлектер «Туған жерге тағзым» акциясы аясында демеушілікпен, «ауылда үлгілі жас отбасы көбейсін» деген ниетте салып берді.

Қазақтың киіз үйі іспеттес етіп салынған «Келінтөбе» қазақтың ұлттық ою-өрнегімен сәнделіп, жан-жағы қоршалып, айналасына талкөшеттер отырғызылған. Округ әкімі Аманбай Каюпов алдағы уақытта ауылдың белсенді, жанашыр азаматтары мен түлектерінің қолдауымен ауылға кіреберіс арка, шағын саябақтар мен балалар ойын алаңы салу жоспарланғанын айтты.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

«Мұғалжар»: тоқсан жылдық белесте

admin_mugalzhar

Египеттен келген 25 адам карантинде жатыр

admin_mugalzhar

Кенен Әзірбайұлының туғанына 140 жыл – 10 дерек

admin_mugalzhar