«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Өңірде 24 жаңа мектепті жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда

Оның 14-і – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, қалған 10-ы – жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынуда, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Облыс әкімі Асхат Шахаров Ақтөбедегі білім беру орындары салынып жатқан үш құрылыс алаңында болды. Оның екеуі – Есет батыр тұрғын алабында орналасқан, мұнда әрқайсысы 2000 орындық заманауи мектептер бой көтеруде. Тағы біреуі – Бауырластар-3 тұрғын алабында салынып жатқан 600 орындық мектеп.

Өңір басшысы құрылыс жұмыстарының барысы, құрылыс материалдарының сапасы және қанша жұмыс күші тартылғанына, сондай-ақ объектілерді тапсыру мерзіміне қатысты қызығушылық танытты.

«Мектептерді тапсыру және нысандарды коммуникацияларға қосу мерзімдері бойынша сұрақтар туындамауы тиіс. Халық игілігіне жаңа оқу жылында береміз деп отырған мектептер бірінші қыркүйекке дайын болуы керек. Ертең сырлау-әктеу жұмыстары бойынша шағымдар туындамасы үшін орындалатын жұмыстардың сапасына жауаптысыздар, бұл – бірінші. Екіншіден, құрылыстың қарқынды жүргізілуі себепті жұмыс орындары құрылады, кадр тапшылығы болмайды. Үшіншіден, жоспардағы мерзімдерден кешікпеу керек. Мектептердің ашылғанын осы жақын маңда тұратын тұрғындар күтіп жүргенін естен шығармау керек», – деді әкім мердігер мекемелерге.

Білім басқармасының мәліметінше, облыста 19 мың оқушыға орын тапшы.  Үшауысымды мектептер мен жұмыс жүктемесі мәселесін шешу үшін өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 18 мектеп салынуда. Тағы 10 мектеп жергілікті бюджет есебінен тұрғызылып жатыр. Биыл 14 жайлы мектеп, келер жылы қалған 4 мектеп тапсырылады. Алтын орда және Есет батыр шағын аудандарында 2000 орындық 4 жайлы мектеп ашылады. Сол арқылы оқушы орындарының тапшылығы мәселесі шешілмек. Жалпы, өңірдегі барлық 18 жайлы мектептің пайдалануға берілуі үшауысымдылық оқу және мектеп жүктемесі мәселесін жояды. Бұл сұрақ 2025 жылы күн тәртібінен алынып тасталады деген жоспар бар.

Айта кетейік, 1 қыркүйекке дейін облыста 13 жаңа мектеп ашылуы тиіс. Ал жыл соңына дейін тағы 11 мектеп пайдалануға беріледі.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда Испания мен Франция елдеріндегі тәрізді көтерме нарықтар құрылады

admin_mugalzhar

АРХИВ: САРҒАЙҒАН ҚҰЖАТТАРДЫ САҚТАЙДЫ…

admin_mugalzhar

ӘДІЛЕТ ПЕН ЖАНАРЫС — АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.