«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Кеңестік мультфильмдер қазақ тілінде көрсетіледі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі кеңестік мультфильмдерді қазақ тіліне аударып, дубляждауды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов ведомство кеңестік мультфильмдерді қазақ тіліне аудару мәселесін қарастырып жатқанын мәлім етті.

«Кеңестік мультфильмдер өзекті болған дәуірдің соңы мен құлдырауын біз де көргенімізді ескерсек, менің жеке көзқарасым бойынша, олар көбінесе еңбек, жақын адамдарға деген құрмет, туған жерге деген сүйіспеншілік құндылықтарын насихаттайды. Біз бұл бағытта жұмыс істейміз деп шештік. Кеңестік мультфильмдерді жай ғана трансляциялауды емес, мұрағаттан мемлекеттік тілге аударуды жүзеге асырамыз. Оларды әлеуметтік желіде де таратамыз, өйткені өскелең ұрпақтың көп бөлігі 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар әлеуметтік желілерде отырады. Сондықтан аударма мен дубляж мәселесін міндетті түрде өз бақылауымызға аламыз», деп түсіндірді Қанат Ысқақов.

Ұқсас ақпараттар

ҮЗДІК ҮШТІКТЕН КӨРІНДІ

admin_mugalzhar

АҒА ГАЗЕТТІҢ ӨНЕГЕСІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда «Сергек» тағы қандай заңбұзушылықтарды тіркейді?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.