«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

Аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенамановтың төрағалығымен ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Бахытжан Кадралин, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Роман Рахиев, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің жетекшісі Бекзат Мулдыкешева, аудандағы белсенді еңбек ардагерлері мен жақын орналасқан ауылдық округтердің ақсақалдары, аудандық мәслиахат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйым өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында 2023 жылы Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы өңірлік Ақсақалдар кеңесі төрағаларының қатысуымен республикалық отырыста қаралған мәселелер сөз болды.
Қатысушылар ақсақалдар кеңесі қызметінің негізгі басымдықтары мен міндеттеріне қатысты ойларын ортаға салды.

Ақсақалдар кеңесі қызметінің мақсаты – әлеуметтік маңызды мәселелерді талқылауға қатысу, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу арқылы өңірдегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету болып табылады. Ақсақалдар кеңесі қызметiнiң мiндеттерiне аудан аумағында тұратын этностардың салт-дәстүрлерiн, әдет-ғұрыптарын, мәдениетiн сақтау және дәрiптеу жастардың рухани-адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыру кіреді.

Отырыстың қорытындысы бойынша аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры, аудандық ардагерлер Кеңесінің мүшесі Шамшат Абдірзақов аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағалығына ұсынылды.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе және Қостанай облыстарында шегірткеге қарсы күрес шаралары күшейтіледі

admin_mugalzhar

Мұғалжарлық Батыр ана 12-ші сәбиін дүниеге әкелді

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін 2023 жылы 3,5 млрд теңге бөлінеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.