«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент көмекшісі 6 триллион теңге қайда жұмсалғанын түсіндірді

Президенттің экономикалық сұрақтар бойынша штаттан тыс көмекшісі Олжас Құдайбергенов 6 триллион теңге қайда жұмсалғанын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде 6 триллион теңге қайда жұмсалғаны туралы пікірлер тарап кетті. Негізгі сауал: екі айдың ішінде қомақты қаржы қалай жұмсалды? Өкінішке қарай, әзірше үкімет тарапынан ресми хабар жоқ, бірақ мен түсіндіріп көрейін», — дейді Құдайбергенов Facebook желісіндегі парақшасында. 

Олжас Құдайбергенов бөлінген қомақты қаржының қалай жұмсалғанын түсіндірді:

1. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға бір триллион теңге жоспарланған, оның 700 миллиард теңгесі әкімдіктер облигацияларды шығару арқылы өздері тартады, ал қалған 300 миллиард теңге республикалық бюджеттен бөлінеді. Негізінен құрылыс және инфрақұрылымды жаңарту саласында жеті мың жоба жүзеге асырылады деп күтіледі. Мемлекеттік қаражат сәуір айынан желтоқсан айына дейін игеріледі, бірақ негізгі төлемдер қыркүйек-желтоқсан айларында жүргізіледі.

2. Тағы бір триллион теңге ШОБ-ті жылына алты пайызбен несиелеуге бөлінді. Бизнес субъектілерінің несиелері бойынша мөлшерлемені субсидиялауға бюджеттен тағы 75 миллиард теңге бөлінді.

3. «Бәйтерек» мемлекеттік холдингі арқылы тұрғын үй құрылысына 390 миллиард теңге бөлінді.

4. Субсидия 60 миллиард теңгеге ұлғайтылды және форвардтық сатып алуға 23 миллиард теңге бөлінді. Сондай-ақ, «ҚазАгро» аясында несиелендіруге 70 миллиард теңге берілді, бірақ бұл өткен жылы қабылданған және 2-тармақтың ауыл үшін жеке-жеке 100 миллиард теңге бөлінді.

5. Екі ай ішінде 42 500 теңге төлеуге 386 миллиард теңге бөлінді. Алушылар саны шамамен 4,5 миллион адам.

6. Еңбекақы төлеу қорынан ШОБ-ті салықтан босатуға бюджеттен 237 миллиард теңге бөлінді. Бұл сәуір-қыркүйек айларындағы бюджет шығындары.

7. Медицинаға арналған қосымша шығындар — (дәрігерлерге сыйақы төлеу, азық-түлік-тұрмыстық жинақтар, байланыс қызметтері, медициналық қызметтер үшін ақы төлеу, инфекциялық ауруханалар мен тағы басқа салу) 125 миллиард теңге.

8. Зейнетақыларды, жәрдемақыларды, стипендияларды арттыруға 244 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат сәуірден желтоқсанға дейін қарастырылған.

9. Бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыруды ұлғайту 105 миллиард теңге сомасында мемлекеттік шығындарды талап етеді.

10. Төтенше жағдай шеңберіндегі (мысалы, су тасқыны бойынша) қандай да бір шығындарды жедел қаржыландыру үшін Үкімет резервінен 150 миллиард теңге бөлінді.

11. Бюджеттің кіріс бөлігінің шығындарын өтеуге Ұлттық қордан 1,7 триллион теңге қосымша бөлінді (салық түсімдерінің қысқаруына байланысты трансфертті арттыруға тура келеді).

Басқа да шығындар (қорғаныс, қауіпсіздік, теңге бағамының құлдырауына байланысты валюталық Борышқа қызмет көрсету бойынша бюджеттің қосымша шығындары) — оған тағы 200-300 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінді, — деді экономист.

Ұқсас ақпараттар

Жұбановқа арналған ақындар айтысы

admin_mugalzhar

ЛУЧШЕ ПРЕДОТВРАТИТЬ ПОЖАР, ЧЕМ ПОТУШИТЬ!

admin_mugalzhar

Биыл Қазақстанда екі рет ыстықтан рекорд орнады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.