«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖЕРТӨЛЕСІ ЖӨНДЕЛУДЕ

Қандыағаш қаласындағы «Жастық» мөлтек ауданында орналасқан №38 «А» көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесі толығымен жөнделуде. Бұл туралы аудандық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандарынан сұрап білдік.

2010 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйдің жертөлесі толығымен жарамсыз болып, асты кәріз суына толып тұрған еді. Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Өтеулин бүгінде жертөленің суытолығымен сорылып, құрғатылғанын, енді ескі салқын су, кәріз және жылу құбырлары толығымен қайта жаңаға ауыстырылатынын айтты.

-Аталған үйдің жертөлесін қайта жөндеу жұмыстарын «Дамир К Инжиниринг» ЖШС-і жүргізуде. Олар жертөледегі құбырларды жаңалайды. Сонымен бірге жертөледегі электр желісін де қайта жүргізеді. Жөндеу жұмыстарын шамамен екі ай көлемінде толығымен бітіруді жоспарлап отырмыз. Аталған жұмыстарға бюджеттен 11 млн 800 мың теңге бөлінді, — деді бөлім басшысы.

Ол сонымен бірге «Жастық» мөлтек ауданындағы №3 «А» көп қабатты тұрғын үйінің кәріз жүйесі қайтадан салынатынын жеткізді. Себебі бұрынғы кәріз жүйесі кезінде талапқа сай салынбаған.

-Аталған үйдің кәріз жүйесі алғашында дұрыс салынбаған. Себебі кәріз суының ағып кету деңгейі талапқа сай емес. Соның салдарынан тұрғын үйдің жертөлесі суға толып кетеді. Осы олқылықты қалыпқа келтіру үшін бюджеттен 7 млн 800 мың теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға №3 «А» тұрғын үйден №28 тұрғын үйге дейін ұзындығы 400 метрді құрайтын жаңадан кәріз құбыры тартылады. Кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарын да жоғарыда атап кеткен «Дамир К Инжиниринг» ЖШС-і жүргізеді, — деді ол.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

СУАҒАР САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

Ералы Тоғжанов Мұғалжар ауданы Жем қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ СПОРТШЫ МЕЙРАМБЕК ҚАРТБАЙДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.