«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА 14 ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Мұғалжар ауданында да су тасқынының салдарын жою бойынша ауқымды іс-шаралар атқарылып жатыр. Тасқын кезінде су басқан Жағабұлақ ауылында бүгінде жаңадан 9 үй салынып жатыр. Бірлік ауылында 5 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын «Айлин СтройТрейд» компаниясы жүргізуде.

Ауданда су тасқыны кезінде барлығы 76 үй мен 3 коммерциялық нысанға зақым келіп, 8 шаруа қожалығы шығындалған. Су тасқынынан зардап шеккендерге 26 миллион теңгеден астам біржолғы көмек берілді.
Апатты үйлердің тұрғындарынан баспана сатып алуға 54 өтініш түсті. Енді олар қайталама нарықтағы баспанамен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі күнге 42 отбасыға үй сатып алынып берілді. Қалған сатып алынатын үйлер бойынша келісімшарт жасалынып құжаттары дайындалуда. Сонымен қатар аудан бойынша 8 үйге жөндеу жүргізіледі, осы мақсатта 17 миллион 450 мың теңге берілді.

Ұқсас ақпараттар

«АУЫЛ АМАНАТЫ» — АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ТҰРМЫСЫН ТҮЗЕМЕК

admin_mugalzhar

ЖАРКЕМЕР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

admin_mugalzhar

Ақтөбеде битум зауыты салынады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.