«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУ – МАҢЫЗДЫ

Айнұр ТАЯУОВА, Мұғалжар аудандық әкімінің аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы:

Мемлекеттік қызметшілердің бастыміндеті — халыққа қызмет ету. Мемлекеттік қызметші болу жоғары жауапкершілікті талап етеді. Мемлекеттік қызметші тек жұмыс орнында ғана емес, жұмыстан тыс уақытта да әдепті, мәдениетті, сыпайы, қарапайым болуы керек. Өзін халықтан жоғары қоймауы керек,өзінөзі үнемі жетілдіріп отыруы кқажет. Менің мемлекеттік қызметтегі өтіліме биыл 18 жыл толды. Бұл қызметке 2006 жылы Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне жетекші маман ретінде қабылданған едім. Сол кездегі бөлімнің басшысы болған Жарқынбай Қаерқұлов қоғамдық жұмысшы болып жұмыс жасап жүрген мені мемлекеттік қызметке тартып, мемлекеттік қызметші болуыма септігін тигізді. Ал 2015 жылы Мұғалжар аудандық әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімшесіне бас маман болып орналастым. 2023 жылы осы бөлімшенің басшысы болып меритократия қағидатына сәйкес ауыстым.

Ал мемлекеттік қызметке жұмысқа кіруге келетін болсақ, ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сәйкес іске асырылады. Мемлекеттік қызметке кіру конкурстық негізде жүзеге асырылатынын білесіздер. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтардың бірі — ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік грант негізінде үздік бағамен бітірген түлектер дипломдарын алғаннан соң бір жыл ішінде аудандық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурссыз негізде тікелей мемлекеттік қызметке қабылдануы. Бұл білімді жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыру, аудан және ауылдық жерлердегі кадр тапшылығынболдырмаумақсатындажасалыпотырғандүние. Осындай конкурссыз негізде биыл біздің ауданымызда Мұғалжар аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы лауазымына 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік бағамен аяқтаған жас маман Аружан Исмаилова қабылданды.

Мемлекеттік қызметші боламын деген жастар еліміздің патриоты болу керек, халыққа адал қызмет ету үшін аянбай еңбек етуге дайын болуы қажет. Халықтыңмұң-мұқтажын тыңдай алатын, соны шешужолдарын табу үшін еңбектену керек деп ойлаймын. Сонымен қатар, білімді де, білікті болуы шарт. Әдеп нормаларын да сақтауы маңызды.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда баспана жалдауға субсидия беріледі: Өтінім қабылдау іске қосылды

admin_mugalzhar

АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІ ЖОЛДЫҢ ЖАУЫ

admin_mugalzhar

«НҰР-ӘЛЕМ» МҮГЕДЕКТЕРГЕ МҮМКІНДІКТЕР ЖАСАЙДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.