АУДАН ОРТАЛЫҒЫ ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ЖЫЛЫ «ЖАСSTAR» ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛГЕН БОЛАТЫН. СПОРТ НЫСАНЫ БАССЕЙН, ВОЛЕЙБОЛ, ЕРКІН КҮРЕС, ҮСТЕЛ ТЕННИСІ, ПАУЭРЛИФТИНГКЕ АРНАЛҒАН ЗАЛДАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН. ӨЗГЕ СПОРТ ЗАЛДАРЫ АШЫЛҒАН КҮННЕН БАСТАП ЖҰМЫС ЖАСАП КЕТКЕНІМЕН, ҚАНДЫАҒАШТЫҚТАРДЫҢ АСЫҒА КҮТКЕН, КЕШЕННІҢ БАСЫМ БӨЛІГІН АЛЫП ЖАТҚАН БАССЕЙН ТЕК БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ АЙЫНЫҢ АЯҒЫНАН БАСТАП КЕЛУШІЛЕРГЕ ӨЗ ЕСІГІН АШТЫ.
СПОРТСҮЙЕР ҚАУЫМҒА АРНАЛҒАН КЕШЕН
Мұғалжарлықтарды спортпен айналысуға шақырып, салауатты өмір салтын ұстану мүмкіндігін арттыру және аудан намысын дүбірлі додаларда қорғар спортшыларды дайындау мақсатында ашылған «ЖАСSTAR» дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінің ашылу лентасы 2022 жылдың қазан айында Республика күні мерекесінде кесілді. Жалпы көлемі 2976,2 шаршы метрді алып жатқан кешенді салуға бюджеттен 403 млн теңге жұмсалған. Бұл жерде спортсүйер қауым үшін арнайы волейбол, еркін күрес, үстел теннисі және пауэрлифтингтен жаттығу залдары мен бассейн бар. Бүгінгі таңда спорт кешенінде 11 жаттықтырушы 348 шәкіртін спортқа баулып келеді. Жеке-жеке тоқталсақ, волейбол секциясына 8 бен 16 жас аралығындағы 76 бала қатысып жүрсе, еркін күреске 166 спортшы жас қызығушылық танытқан. Сонымен қатар пауэрлифтинг арқылы шынығып, спорттың осы саласынан жетістікке жетуді көздеген 32 тәрбиеленуші бар. Жаттығумен қатар бұл жерде аудандық, облыстық деңгейдегі түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда.
СУ СПОРТЫ – ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ
Ал аудан бойынша ашылған алғашқы бассейнге келушілердің қарасы өзге спорт секцияларына қарағанда анағұрлым көп екен. Оны материал дайындау барысында кешенге бірнеше рет барған сәтте өз көзімізбен де көрдік. Спорт кешені қарасты Қандыағаш қаласының мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Қарасай Омаров та растады.
—Жалпы спорт кешені өткен жылы ашылса да, бассейн екі ай бұрын ғана іске қосылды. Оның бірнеше себебі бар. Себебі біріншіден, суда жүзуден жаттықтырушы болмады. Екіншіден, бассейнге ең алғаш қажетті құрал-жабдық толық келмеді. Осы жұмыстардың барлығы реттелгеннен кейін ғана бассейн келушілерді қабылдап бастады, — деді спорт мектебінің басшысы.
Кешеннің бассейн орналасқан блогі бірнеше киіну, көмекші және қызмет көрсету бөлмелерін қамтиды.
—Біз жүзу секциясына балаларды маусым айынан бастап жаза бастадық. Облыстық білім және спорт басқармаларымен арадағы келісімге сай, алдымен аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балаларды қабылдадық. Бүгінде осы санаттағы отбасылардың 150 баласын 3 ауысымға бөліп қамтып отырмыз. Ол 150 баланың ішінде тек Қандыағаш қаласы емес, ауданның жан-жақтағы ауылдық округтеріндегі балалар да бар. Ол балалар осында күнделікті келіп, оқу-жаттығудан өтуде, су спортымен айналысуда. Бұдан бөлек спорт мектебіне жазылған балалар да осында келеді. Сонымен қатар аудандық педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің мүгедектігі бар балаларына да бассейнде жаттығумен айналысуына мүмкіндік беріледі. Бассейнге 7-12 жас аралығындағы балалардың кіруі, жаттығуы қазір тегін. Ал 12 жастан жоғары балаларға, ересектерге және зейнеткерлерге (жеңілдікпен) ақылы түрде қызмет көрсетіледі. Бағасы да тұрғындардың қалтасы көтеретіндей деңгейде. Олар бойынша барлық жұмыс кестесі бекітілді. Сондай-ақ, зауыттар, кәсіпорын басшылары ұжым құрамын арнайы келісімшарт арқылы жаздыруда, — деді спорт кешенінің меңгерушісі Мирамгүл Орынғалиева.
Қазіргі таңда осы спорт түріне қызығушылық танытып, қатысам деуші балалар көп болғанымен, уақыт өте келе санға емес, сапаға жұмыс жасауды көздеп отырғанын да жеткізді.
—Бала саны өте көп, тіпті сыймай жатыр десе де болады. Қандыағаш қаласында халық саны шүкір, баршылық. Ауданда алғаш ашылып жатқасын да болар, барлық ата-ана балаларын қатыстырғысы келеді. Бастап қабылдаған кезде ешкімнің де көңілін қалдырмай, қатысам деген баланың барлығын қабылдадық. Жоғарыда айтқан 150 баладан бөлек, алғашқы дайындық тобында 7-15 жас аралығындағы 400 бала су спортымен шұғылдануда. Негізі 1 топта 12 бала әрі кетсе, 15 бала жүретін жерде қазір 42 бала жүр. Әрине, бұның бәрі уақытша. Қыркүйек айына дейін, жаздың демалыс айларында балалардың уақыттарын тиімді өткізу мақсатында тым құрығанда балаларды бассейнге түсірейік, жүзуді үйретейік деген оймен ғана қабылдаудамыз. Дегенмен бізге нәтиже керек. Біздің спорт мектебінің негізгі мақсаты да сол, суда жүзуден көрсеткіш көрсетуіміз қажет. Ал қазіргі таңда келушілер санының тым көптігі бұл мақсатқа жетуге кедергісін келтіріп тұр. Сол себепті қыркүйек айында сабақ кестесі түгел өзгеріске ұшырайды. Өйткені сабақ басталғаннан кейін балалардың бірі түске дейін, келесісі түстен кейін оқитын болады, енді біреуінің қосымша сабаға бар дегендей. Сондықтан сол уақытқа дейін бассейнге келіп жүрген балаларды қадағалайтын боламыз. Суға жүзуге кімнің ынтасы жоғары, кімнің ыңғайы бар, барлығын бақылап, жүйелеп, іріктейміз. Сосын сол балалардан су спортынан нәтиже көрсетер спортшылар дайындасақ деген мақсат бар, — дейді Қарасай Омаров.
Әңгіме барысында спорт мектебінің басшысы бар мен бірге жоққа да тоқтала кетті. Әрине, бассейн ашылған уақытта қажетті деген негізгі құрал-жабдықтармен қамтылған. Дейтұрғанмен, жетпесі де жоқ емес.
—Барлық құрал-жабдық түгелге дерлік алынып болған жоқ, біртіндеп келіп жатыр. Бассейн әр 2-3 апта сайын жаңа жабды қпен толықтырылуда десе де болады. Сонымен қатар штат мәселесі де толық шешімін таппай отыр. Бас кезінде штат бойынша бір ғана жаттықтырушы жұмыс жасаған болса, қазір келуші бала санының көптігіне байланысты тағы бір жаттықтырушы оқуға жібертіліп, біліктілігін арттырып келді. Бірақ бізге штатқа әлі кемі 2 жаттықтырушы керек. Ал ең жақсысы, тағы бір бассейн болса, артық болмас еді, — дейді ол.
МАҚСАТ — ЧЕМПИОН ТӘРБИЕЛЕУ
Біз бассейнге арнайылап жаттығудың уақытында да бардық. Ондағы ойымыз, жаттықтырушыны жұмыс сәтінде көріп, балалардың ойларын білу еді.
Ұзындығы 25 метрден тұратын бассейндегі 4 жүзу жолы балаларға толы екен. Оның ішінде құлаштап жүзіп жүргені де, жүзуді жаңа үйреніп бастағаны да бар.
—Балалар ішке кірген бойда, кіре берістен аяқ киімдерін ауыстырып, бірден душ қабылдап алады. Содан кейін ғана су залына өтеді. Бұл жерде 15 минуттан 1 сағатқа жуық уақытқа дейін жаттығады. Арнайы уақыттары аяқталғаннан кейін қайтадан душқа кіріп жуынып алады. Ол жер шаш кептіргіштермен қамтылған, әрине. Үстері әбден құрғағаннан кейін ғана киімдерін киіп, үйлеріне тарқайды. Бірінші топ шыққасын, кезекте тұрған келесі топты қабылдаймыз, солай кешке дейін қызу жұмыс жүруде, — дейді аға жаттықтырушы Темірлан Балдақов.
Жүзуден болашақ чемпиондарды тәрбиелеуді көздеген екінші аға жаттықтырушы Есенжол Ахмет Ақтөбе қаласындағы «Достық» су спорты кешенінен арнайы оқу курсын оқып келген.
— Осында келген балаларды бөліп-жармаймыз. Әрқайсысына көңіл бөліп, су спортына деген қызығушылығын тереңдетуге тырысып-ақ жатырмын. Осы кезге дейін су спортынан жаттық — тырушы боламын деп ойламап — пын. Бірақ балалармен жұмыс жасаған ұнайды, уақыт қызықты өтеді. Кештің қалай батқанын да байқамай қаламыз. Әрбір жаттықтырушының мақсаты, әрине, чемпион тәрбиелеу. Мен де жаттықтырушы атанғалы осыны армандай бастадым. Жұмысымды бар ықыласыммен жасап, алдағы уақытта нәтиже көрсетсем деймін, — дейді ол.
ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – БАСТЫ НАЗАРДА
Жалпы спорт кешені дәрігермен және медбикемен қамтылған. Ол екеуі балаларды спорт секцияларына қабылдамас бұрын толыққанды медициналық тексерістен өтіп келуін қадағалайды.
—Бассейнге қабылданатын балалар да осы жүйемен тексеріліп алынады. Күнделікті секция қатысушыларын жекежеке қарап шығамыз. Дене температурасы қадағаланып, үстерінде жаралардың жоқтығына назар аударылады. Бізде сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балалар тобы бар, олардың өздеріне арналған анықтамалары бар. Бассейнге келетін балалардың бәрін алғашқыда медициналық тексерістен толық өткізіп алдық. Біздің жұмысымыз және міндетіміз судың әсерінен балаларда аурулардың шығуына жол бермеу, сонымен қатар суға түсуде жарақат алып қалса, суға тұншығу жағдайы болса, алғашқы көмек көрсету. Бізге суға түсуге медициналық анықтамамен келетіндер де бар. Яғни, көрсетілген анықтамаға сәйкес су процедурасын қабылдайды. Әсіресе, балаларда жиі кездесетін омыртқа қисықтығына байланысты, дұрыс тыныстау үшін, тыныс жолының жұмысын жақсартуға байланысты, психологиялық ауытқушылығы бар балаларға бассейнге түсу міндеттелген. Бұл да емнің, бүкіл денеге массаж жасаудың бір түрі. Ол өкпенің жұмысын жақсартады, ал ол тыныс алу жолындағы зиянды бактериялардың көбеюіне жол бермейді, — дейді дәрігер Базаркүл Жакеева.
Оның айтуынша, қазір осындай анықтамасы бар 5 бала жүзу сабақтарына қатысып жүр. Бассейндегі сабақтардың ұзақтығы санитарлық ережелермен реттелетінін және баланың жасына байланысты екенін айтты маман. Кіші топта (егер 3 жастан кейінгі балалар келетін болса) 15-20 минут, ортаңғы топта 20-25 минут, ересек топта 25-30 минут, дайындық тобында 30-45 минутқа дейін өтеді.
Бассейннің тазалығы да өте маңызды. Себебі кішкентай қателік кетсе, балалардың денсаулығына тікелей әсер етеді.
—Жалпы бассейнге келушілерді суға түсу ережелерімен таныстыру арқылы ластануды азайтуға болады. Мысалы, шомылуға дейін және кейін душ қабылдау, ішек ауруы бар балалардың суға түсуіне жол бермеу тәрізді мәселелерді қатаң қадағалауда ұстаймыз. Бассейндегі ластаушы заттармен күресу үшін тиімді тазалау жұмыстарын жүргізу қажет. Жұқпалы ауруларды қоздырғыш микробтарды жою және рекреациялық су ауруларының алдын алу үшін біз хлордың немесе басқа тазартқыштың тиісті мөлшерін ұстап тұруымыз керек. Күнбе күн су құрамындағы хлор мен судың мөлдірлігін тексереміз,- деген лаборант Асел Тулеуова дәлел үшін қолындағы арнайы құрылғысына бассейннің суын құйып көрсетті. Ал құрылғыдағы көрсеткіштен 7.1 санын көрдік.
— Бұл — қалыпты көрсеткіш. Ал кешке химикаттар құйып, таңертеңгі келуші балаларға суды дайындап, залалсыздандырып қоямыз. Суға қосылған дәрі кемінде 12 сағат тұруы керек. Қазір бассейн ақылы түрде де жұмыс жасағандықтан келушілер кешкі сағат 22:00-ге дейін бассейнге түседі. Содан соң айтып өткенімдей, арнайы дәрілер құйып, су астындағы қоқыстар мен шаштарды тазалау үшін арнайы шаңсорғыш тәрізді құралмен тазартып аламыз. Бастысы, судың мөлшері азайып кетпеуі керек. Судың астында орналасқан насостың жұмысы да осы судың мөлшерімен тікелей байланысты. Алдағы уақытқа робот сорғыларға тапсырыс беріп қойдық. Тек дүйсенбі күні санитарлық күн болғандықтан қалған күннің бәрінде кесте бойынша жұмыс жүріп отырады. Судың температура көрсеткіші талапқа сай 27 градус жылы, — деді лаборант.
ЖҮЗУДІ ҮЙРЕНУ – АРМАНЫ
Заурехан Друмбетова:
—Менің балам бессейнге барып, суға жүзу сабақтарына қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Жаттықтырушылары да баламның қабілетін байқап, одан әрі шыңдау үстінде. Бассейннің ашылғанына қала халқы қатты қуанды. Бәрі балаларын бергісі келеді, бірақжаппайқамтумүмкін емес қой. Көзіміз көріп отырған соң тұрғындарға шыдамдылық танытып, кезектерін күтуді сұрар едім. Себебі баламызды жүзу сабағына апарып жатқанда орын тапшылығын жеткізіп жатқан адамның сөзін бірі елеп-түсінсе, енді бірі теріс сөйлеп, түсіністік танытпай жатады. Сондықтан осы жолғы балалар сабақтарын аяқтаса, кезекте тұрғандар ретретімен әлі-ақ келеді. Бірбірімізді түсініп, сыйласа білейік, бастысы тегін әрі қауіпсіз.
Алтын Бозшина:
— Менің бассейнге қатысқаныма 1 ай болды, аптасына 2 рет бараАлтын Бозшина: мын. Жаттығу ұзақтығы 1 сағат. Ішке барғаннан кейін бірінші душқа түсеміз, сосын су залына барып, жаттығужасапаламыз. Соданкейінжүзіпүйренеміз. Қазір шамалы жүзіп үйреніп қалдым. Әзірге белге, қолға тағатын қауіпсіздік құралдарымен немесе арнайытақтайшаменжүзіпжүрмін. Ағай «әбденүйренгесін, өзің жүзесің», — дейді. Су тап-таза, жылы. Жүзуге баратын сейсенбі, сәрсенбі күндерді асыға күтемін. Бұл жақта өте көңілді, жақсы өтеді. Жүзуді толық меңгеріп, алдағы уақытта түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленсем деп армандаймын. Есенжол ағай бізге жүзуді жақсы үйретеді.
Дана Есмұханова:
—Бассейн ашылды дегенді естіген бойда бірден баламды жетектек апардым. Себебі балам суда жүзгендіжақсыкөреді, солсебептіосыкезгедейін ақылы бассейндерге апарып жүрдім. Қазір өзімізден ашылған бассейнге жаттықтырушылары мен дәрігерлері бар болғандықтан еш уайымсыз жіберіп жүрмін. Үйге кірген бойда балам: «мама, біз былай жүзуді үйрендік, былай үйрендік», — деп мәз болып келеді. Біз де «жарайсың, балам» деп бірге қуанып отырамыз. Жазғы демалыс уақыты да пайдалы әрі тиімді өтуде.
Түгел Бөлегенов:
—Біз бассейнге жазылып, кезекте тұрмыз. 3 қызым да қатысқылары келіп отыр. Бос орын жоқ болғандықтан күтуге тура келіп тұр. Балам суға жүзіп білмейді. Демалыста ауылға барып, сол жақтағы шағын көлге аздап шомылып қайтатын. Енді осындағы бассейннен жүзуді үйреніп, ауылға келесі барғанда көлге еркін шомылсам дейді.
Ұлан Сәдуақасов:
— Бассейн ашылғалы бірден осында жүзуге қатысып жүрмін. Бастапқыда жүзе алмадым десем де болады. Қазір ағайларым үйреткені бойынша ешқандай көмексіз, құралдарсыз жүзе аламын. Жаттығудан қалмай, сабақты жібермейкележатырмын. Болашақтааталған спорттан еліме алтын сыйлағым келеді. Әрине, ол үшін көп еңбектену керек, мен одан қашпаймын.
Су спортының пайдасы
Суға шомылу немесе жүзу – шынығудың ең тиімді түрі. Жүзуді әдетке айналдырған ағзаның тамыр жүйесі су температурасының алмасуына ыңғайланып, микробтар мен бактерияларға төзімді болады. Бұл өз кезегінде қан айналымының жақсаруына әсер етеді. Әсіресе, адам ағзасының суыққа деген төзімділігін арттырады. Суда жүзудің пайдасы жайында Миннесота Университетінің ғалымдары зерттеу жүргізген. Олардың айтуынша, жас кезінде суда жүзіп үйренген адамның миы кеш «қартаяды» екен. Жүзе білу тек шынығу емес, қандай да бір аурудан сауығу үшін де таптырмас «құрал». Мәселен… 1.Жүзу кезінде сіздің барлық бұлшық еттеріңіз қимыл — қозғалыста болады. Сондықтан артық дене жаттығуын жасаудың да қажеті болмайды;
2.Дене сұлулығын қалайтындарға жүзу ең керекті спорт түрі. Өйткені, ол омыртқа мен қозғалыс аппараты ауруларының алдын алады.
3.Сонымен қатар, жүзу жүрек ауруларына да қарсы төтеп береді. Егер күнделікті жүзумен шұғылдансаңыз, жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруларын ұмытуға болады;
4.Жүзу тыныс алу жолдарын жақсартады;
5.Ағзаңызды шынықтырып, иммунитетіңізді көтереді. Cондықтан, сізге тұмаудан қорқудыңқажетіжоқ;
6.Фитнескеқарағанда, жүзуарқылытезарықтайсыз. Себебі жүзу барысында жүгіруден де көп калория жұмсалады;
7.Жүзу стресс кезінде де көмектеседі. Ол сіздің жүйке жүйеңізді тыныштандырып, ағзаңызға тамаша энергия бөледі;
8.Ең бастысы, жүзу — керемет хобби. Мұндай спорт түрінен ешқашан жалықпайсыз, тек қана ләззат аласыз.
Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ, Айдана НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ