«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ГАЗ БЕРУ УАҚЫТША ШЕКТЕЛЕДІ

Интергаз Орталық Азия АҚ-ның «Ақтөбе» магистралды газ құбырының басқармасының хабарлауы бойынша, Магистралды газ құбырының бойында күзгі-қысқы жылу маусымына дайындауға және техникалық жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 25.06.2024 жылы сағат 08-00-ден 01.07.2024 жылы сағат 20-00 дейін газ беру шектеледі.

Қандыағаш қаласының, Сағашилі, Темірмост, Басшилі, Жұрын, Қаракөл, Жаңатұрмыс ауылдарының барлық тұтынушыларына, газ құбырының бойындағы газ жеткенше болады. Жұмыстар аяқталғанша газ жету үшін газды тек газ плитаға тамақ дайындау үшін пайдалануыңызды сұраймыз.

Газ бітіп қалған жағдайда газ қондырғыларыңызды және оның алдындағы газ крандарыңызды жабыңыздар. Қайта газ беру магистральдық газ құбырына газ бергеннен кейін болады.

Газ қондырғыларына дейінгі газ бұрандаларын жауып қойыңыздар және газ қондырғыларын қараусыз қалдырмаңыздар. Газды қауіпсіз пайдалану тәртібін қатаң ұстаныңыздар. Егер газдың шығуы анықталған жағдайда 104, 3-54-63 телефон номерлеріне хабарласыңыздар.
Мұғалжар газ шаруашылығы

Ұқсас ақпараттар

Қандыағашта «Ұлы дала елі: Алтын Орданың мәдени мұрасы» конференциясы өтті

admin_mugalzhar

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысы экономикасының өсімі тұрақты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.