«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ — ТАЗА ОРТАҒА БАСТАМА

Президенттің бүгінгі «Ана тілі» газетіне шыққан мақпласы– еліміздің экономикасын дамыту, азаматтардың әл-ауқатын көтеруден бастап, қарапайым дүниелерге дейін мән берген мақала болды.

Мемлекет басшысы елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға әрдайым мән беріп келеді. Өткен жылы сәуір айында басталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының маңыздылығын бүгінгі Жолдауда да баса айтып, ол әрбір қазақстандықтың өмір сүру салтына айналатындығын жеткізді.
Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама.

Осындай игі шаралардың арқасында қоғамда жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Мұны туған елге деген сүйіспеншілік, жанашырлық деуге болады. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады.

Бойымызда қоршаған ортаға деген жауапкершілікті күшейтуге, тазалыққа деген әуестікті арттыруға «Таза Қазақстан» акциясы зор рөл атқарады деп ойлаймын.

Жұлдыз Елубай, Мұғалжар еріктілері тобының жетекшісі.

Ұқсас ақпараттар

КӨТІБАР БАТЫР – АЛМАС ҚЫЛЫШ, ЕЛ ТІРЕГІ

admin_mugalzhar

Санжар — Bowdoin университетіне түскен алғашқы қазақ

admin_mugalzhar

Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының қанаттары ажыратуға қарсы сұйықтықпен өңделмеген

admin_mugalzhar