«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ПРОБАЦИЯ: 4 АДАМ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

Сотты болып, пробация есебінде жүргендерді қоғамға қосудың басты тетігі — жұмыспен қамту. Осы орайда, аудан аумағында пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Аудандық «Мансап» орталығының маманы Жайнагүл Аманбаеваның берген мәліметіне сүйенсек, 2024 жылы аудан бойынша пробация есебінде тұрған 19 адамды мекемелер мен кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру жоспары бекітілген. Бүгінгі таңда 6 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған. Ал қалғандарын алдағы уақытта жұмысқа тұрғызу жоспарланып отыр.
-Жыл басында аудан бойынша түрлі мекемеге пробация есебінде тұрған 19 адамды жұмысқа орналастыруға квота бөлінген болатын. Бүгінде 4 адам квота бойынша «Казтермогрупп» ЖШС-не, «Коммуналшы» мекемесіне, «Шығыс мұнай» және «Ембіжылу» мекемелеріне жұмысқа тұрды. Ал «Кентавр» ЖШС-не бір жұмыссыз адамды жұмысқа орналастыру үшін құжаттарын дайындап жатырмыз. Ал қалған мекемелер жұмыстың қауіптілігін айтып, квота орындаудан бас тартуда. Сонымен бірге пробация қызметінің есебінде тұрған 3 адам квотадан тыс тұрақты жұмысқа орналасты. Ал 1 адам «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен жұмысқа алынса, 5 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды, — деді Жайнагүл Аманбаева.
Сондай-ақ ол «Мансап» орталығында бос жұмыс орындары үшін жәрмеңкенің жиі өткізіліп тұратынын, бірақ жәрмеңке кезінде жұмыстан бас тартатын азаматтардың қарасы көп екенін жеткізді.
Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Алик ШПЕКБАЕВ: Ақтөбеде цифрландыру бағытында атқарылған жұмыстарды республикаға үлгі ретінде тарату керек

admin_mugalzhar

АТА ЗАҢҒА — 28 ЖЫЛ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ КӨП БАЛАЛЫ ҰСТАЗ — АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.