«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

РЕДАКЦИЯ — ҚҰТТЫ МЕКЕНІМ

Осы кезге дейін өз еңбек жолымда түрлі салада қызмет жасаған екенмін. Ал 2021 жылдан бері тоқсан жылдан астам тарихы бар аудандық “Мұғалжар” газетінде қызмет етіп келемін. Редакция табалдырығын алғаш аттаған кезімде «журналистер арасында қалай жұмыс жасаймын, қалай үйренемін» деген іштей алаңдаушылық болғаны рас. Дизайнер болып қызметке орналасқан маған басшылық тарапынан да, әріптестерімнен де қолдау болып, үлкен сенім артылды. Білмегенімді үйретіп, жақсы маман ретінде қалыптасуыма ықпал жасады. Бұл жер де газет бетін әрлеуді үйреніп қана қоймай, фото тілшілікті де толық меңгердім. Бүгінде фото тілші ғана емес, заманауи мамандық мобилограф болып қызмет атқарып жүрмін.
Редакция ұжымы маман болып қалыптасуыма ғана емес, материалдық жағдайымның жақсаруына да ықпалын тигізді. Бүгінгі жұмыс орынымды «құтты болды» десем де артық айтпаған болар едім. Себебі тек бір ғана саланы емес, заманауи талапқа сай мобилографияны меңгеруіме бірден-бір қолдау көрсетіп, қазіргі кезде жақсы табысқа шығуыма, бірнеше жұмысты алып жүруіме себепші болды. Бұнымен менің сәттіліктерім аяқталмады. Кейінгі жылдары мобилография саласы арқылы грантқа қатысып, жаңа телефон да алдым. Кейіннен әріптес апайларымның ақыл кеңесімен баспаналы болу да бұйырды. Иә, расымен «әріптестерің, сенің екінші отбасың» дегенмен толықтай келісемін. Себебі мен үшін алаңдайтын жандардың бірі — осы ұжымым. Оларүнеміөзбілгендерімен бөлісіп, бағыт-бағдар беріп отырады. Мереке қарсаңында әріптестерімді шын жүректен төл мерекелерімен құттықтаймын! Шығармашылық табыс тілеймін!
Зайырбек ЕСЕНЖОЛОВ

Ұқсас ақпараттар

ОСК мүшелері еліміздің 20 өңіріндегі сайлауға дайындық барысын тексеріп шығады

admin_mugalzhar

ЖАҒЫМСЫЗ ИІС «ЖЫРЫНЫҢ» ЖАЛҒАСЫ…

admin_mugalzhar

МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.