«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ САЛЫНУДА

ӨТКЕН АПТАДА ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫНЫҢ САЛЫНАТЫНЫ ТУРАЛЫ ЖАЗҒАН ЕДІК. БҮГІНДЕ АТАЛҒАН ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛЫП, ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ.
«Спартак» дүкенінен басталып, «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасына дейінгі жерге дейін төселетін жаяу жүргіншілер жолына бордюрлер қойылып, құм төгіліп, брусчаткалары төселуде. Ал Қаржаубаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолына да бордюрлер орналастырылып, құм төгілуде. Аталған көшелерге салынатын жүргіншілер жолының құрылыс жұмыстарын «KDC Construction» ЖШС-і жүргізуде. Бюджеттен бөлінген қаржы көлемі — 44 млн 421 мың теңге.
Бүгінде құрылыс жұмыстары өз деңгейінде атқарылуда. Құрылыс басында жалпы саны 15 адам жұмыс жасауда. «Спартак» дүкенінен бастап «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасына дейінгі аралықтың 30 пайызы жасалды. Алдағы уақытта жұмыстар жалғасатын болады. Ал Қаржаубаев көшесіне салынатын жаяу жүргіншілер жолына тапсырыс берушілердің ұсынысына орай, брусчатка емес асфальт төселетін болады, — деді «KDC Construction» ЖШС-нің директоры Алижан Тұрсынбаев.

Ұқсас ақпараттар

ӨМІРІ ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ЖАН

admin_mugalzhar

Қазақстанда 2027 жылға қарай шахмат мектептерде міндетті пәнге айналады

admin_mugalzhar

ТАРИХТЫҢ АҚТАҢДАҚ БЕТІНЕН

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.