«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕЙРАМБЕК ҚАРТБАЙ — ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі, жерлесіміз Ембі қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Мейрамбек Қартбай Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды.

Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) Қазақстан ҰОК-ке жолдаған ресми хатында белгілі болды. Мейрамбек Олимпиада ойындарында еркін күрестен 57 келі салмақта ел намысын қорғайтын болады.

XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамыз аралығында Франция астанасы Париж қаласында өтеді.

Ұқсас ақпараттар

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ ҚАШАН ДА СҰРАНЫСҚА ИЕ

admin_mugalzhar

ОБЛЫСТЫҢ ҮЗДІК ВОЛОНТЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Бірқатар құтқарушылар мен медицина қызметкерлері наградаға ұсынылды

admin_mugalzhar