«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНДА

ҚР Парламенті мәжілісі депутаттары Жұлдыз Сүлейменова, Қазыбек Әлішев, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Күлпаршын Айдарханова Мұғалжар ауданына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Жағабұлақ ауылындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға салынып жатырған үйлердің құрылыс жұмыстарын көрсетті.

Қазіргі таңда отбасыларды баспанамен қамту мақсатында Жағабұлақ ауылында жаңа 9 үй салынып жатыр. Тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын «Айлин СтройПроект» ЖШС-і жүргізуде.

Халық қалаулылары Жағабұлақ ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Олардың толғандырған сауалдарына жауаптар берілді.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары «Сағашилі-Талдысай» аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу жұмысымен танысып, жолдың сапалы салынуы басты назарда болатындығын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан Қырғызстанмен әуе қатынастарын қайта жандандырды

admin_mugalzhar

Ерлан Қарин: Конституциялық комиссияның құрылуы тарихи оқиға

admin_mugalzhar

ЛАГЕРЬ ДЕМАЛУШЫЛАРЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНА САЯХАТ ЖАСАДЫ

admin_mugalzhar