«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы арзандайды

Енді Бірыңғай дистрибьютор өндірушілермен тікелей шарттар жасайды, бұл делдалдарды алып тастаудың есебінен дәрі-дәрмек бағасын төмендетуге мүмкіндік береді, — деп хабарлады Qazaqstantv арнасына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

2024 жылдың бірінші тоқсанында Жоғары аудиторлық палата Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының 2022-2023 жылдардағы қызметіне аудит жүргізіп, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын, сатып алуларын, логистикасын, инспекцияларын және қауіпсіздігін бағалауды реттейтін заңнамадағы бірқатар жүйелік кемшіліктерді анықтаған еді.

Атап айтқанда, дәрілер зауыт бағасынан 172%-ға қымбат сатылған және баға орынсыз көтерілген.

Денсаулық сақтау министрлігі салаға жауапты бірқатар басшыны қызметінен босатты.

Ұқсас ақпараттар

ЕЛДІҢ ТІРЛІГІН ЖАЗСАМ ДЕП…

admin_mugalzhar

Мәжіліс депуттары Ақтөбе облысында іске асырылған «Ауыл аманаты» жобасының оң тәжірибесін өзге өңірлерге үлгі етті

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының экономикасы қарқынды дамуда

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.