«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Ауданға ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша облыстық жұмыс тобы келді.

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай бастаған жұмыс тобы аудан әкімдігінде ауыл шаруашылығы саласындағы өзгерістермен толықтыруларға байланысты мұғалжарлық шаруа қожалық басшылармен жеке кәсіпкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдап түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қабылдауға Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасының басшысы А. Сембай, Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы А.Салықбаев, Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы К.Канадбаев «КазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Ақтөбе облысы филиалының өкілдері қатысты.

Қабылдау барысында несиелеу шарттарын жеңілдету, агроөнеркәсіп кешені субъектілерін несиелеу кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау сұрақтары және ауыл шаруашылығының басқа да мәселелері көтерілді. Облыстық жұмыс тобының өкілдері қабылдауға келгендердің толғандырған сауалдарына жан-жақты жауап берді.

Ұқсас ақпараттар

ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ — БАСТЫ МІНДЕТ

admin_mugalzhar

ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ЖОЛДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

admin_mugalzhar

11 АДАМ АУРУХАНАДА ЕМ АЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.