«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖҰРЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ АШЫЛАДЫ

Бүгінде ауылда кәсіпкерлікті дамытып, елді мекендердің экономикалық өрлеуі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына өз үлестерін қосып жүрген жандар жетерлік. Соның бірі — Жұрын ауылдық округінің тұрғыны, «Қасай» шаруа қожалығының басшысы Бекболат Исетов. Ол округке қарасты Тәжірибе ауылынан ірі қара малдарды бордақылау алаңын ашуды қолға алды.

Кәсіпкер өтініші негізінде аудандық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы мамандары ауыл тұрғындарымен арнайы кездесу ұйымдастырып, жобаның мәні мен мақсаты жан-жақты түсінділді. Іс-шараға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Жолмағанбет, аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Ұлан Тлеубаев, ауыл әкімі Рамазан Үргенішбаев қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан жобаға қатысты ұсыныс-пікірлер айтылып, оның артықшылықтары мен ықтимал тәуекелдері ашық талқыланды. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде ауыл халқы кәсіпкерлік бастамаға қолдау білдірді. Жоба аясында жылына 1000 ірі қара бордақыланатын болады. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, қыркүйек айында нысанды іске қосу көзделіп отыр. Алдағы уақытта бұл алаңда 10- 15 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ҚАНДЫАҒАШТА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАЛАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

admin_mugalzhar

Иманбек Forbes рейтингіне ұсынылды

admin_mugalzhar

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» — МАМАНДАРҒА МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.