«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Табиғи апаттан зардап шеккен Жағабұлақ және Бірлік ауылдарының тұрғындары қоныс тойға дайындалып жатыр

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында көктемгі су тасқынының салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Қарғын судан барлығы 76 үй, 3 коммерциялық нысан және 8 фермерлік шаруашылық зардап шекті.

Бүгінгі күні баспанасынан айырылған жағабұлақтар үшін 9 жаңа үй, Бірлік ауылының тұрғындары үшін 5 үй салынуда. 55 отбасы үшін қайталама нарықтағы дайын тұрғын үйге қоныстанды, 7 үй қайта жөнделді.

Облыс әкімі Асхат Шахаров Мұғалжар ауданына жұмыс сапары аясында Бірлік және Жағабұлақ ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Бой көтерген баспаналарды аралап шықты.

Жағабұлақта «Айлин Строй Проект» ЖШС 9 жаңа үйдің құрылыс жұмыстарын аяқтауға жақын. Бір-екі күнде баспаналар пайдалануға беріледі.

Тұрғындармен бірге жаңа үйлерді қарап шыққан Асхат Шахаров мердігерлер мен аудан әкімдігіне үйлерге барлық коммуникацияны мерзімінде жеткізуді тапсырды.

«Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен бірде-бір тұрғын көмексіз қалмайды деді. Билікке бізді қолдаусыз қалдырмағанына өте ризамыз. Ең бастысы – тұрғын үй мәселесі еді. Су қатты келді, үйлерімізқирады. Далада қалған жоқпыз. Біреу дайын баспана алды, біз жаңа үйлерімізді күтіп, көшуге дайындалып жатырмыз», — деді жергілікті тұрғын Бақытжан Қобланов.

Ал, Бірлік ауылында 5 үйдің үшеуі толықтай пайдалануға дайын. Екеуінде ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл үйлерді де «Айлин Строй Проект»ЖШС салды. Мердігер ұйым өкілдері жақын арада барлық жұмыстарды аяқтауға уәде беріп отыр. Бірліктің тұрғындары жаңа баспаналарында қоныс той тойлайтын күнді асыға күтіп жүр.

«Иә, табиғи апат бізді аяған жоқ. Үйім құлады, барлық мүлік суда қалды. Біраз уақыт баспана жалдадық. Жаңа баспанамыз дайын, көп ұзамайкөшіп келеміз. Барлық зардап шеккендерге көмек пен қолдау көрсеткен жерлестерге рахмет. Енді мұндай оқиғалар болмасын. Бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрейік», — деді Бірлік ауылының тұрғыны Аманғали Рамазанов.

«Әрбір су тасқынынан жапа шеккен тұрғынға жан-жақты көмек беру үшін Президент тапсырмасына сәйкес, тиісті шаралар қабылданды, қаржы бөлінді. Жаңа үйлер салынып болуы тиіс мерзім белгіленді. Міне, мердігерлер жақсы жұмыс істеп, үйлердің құрылысын аяқтап жатыр. Мемлекет тарапынан суы, газы, жарығы тартылады. Жол салынып, тұрғын үй секторының аумағы абаттандырылады. Енді тек үйді қабылдап алу керек», — деген облыс әкімі қиын сәтте ауызбіршілік көрсеткен тұрғындарға алғысын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық оқушылардың жазғы демалысы екі аптаға қысқармақ

admin_mugalzhar

АЯУЛЫМ — АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру туралы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.