«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МЕДИАТОРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Ақтөбе қаласында «Елдесу және татуласу» жобасы аясында «Этномедиацияны дамыту — жалпыұлттық биліктің кепілі» атты конференциясы өтті.

5 тамыз — Медиация күні мерекесіне орай ұйымдастырылған конференцияда Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблея жанындағы этномедиация кеңесі ақтөбелік медиаторларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Медиация – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара бейбіт келісімге келу болып табылады.

Мерекелік іс-шараға қатысқан Мұғалжар ауданының медиаторлар мерекелік марапатқа ие болды. Жемісті еңбектері үшін медиаторлар Г.Иманбаева, Е.Шункеев, А. Сағынаева, Н.Тажигарина, Н.Темірбаева және Ә.Абданбаева Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғ.Елеуовтың Алғыс хатымен және «Үздік медиатор» төсбелгісімен, арнайы кубокпен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар

Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

admin_mugalzhar

Үнзила Шапақ: Жаңа Конституция жобасында тарихымыз алғаш рет мызғымас ұлттық құндылық ретінде танылды

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді

admin_mugalzhar