Энергетика министрлігі электр энергиясына жаңа шекті тарифтерді бекітуді ұсынады. Тиісті бұйрықтың жобасы «Ашық заңды тұлғалар» порталында жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.
Ведомствода түсіндірілгендей, түзету энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз электр энергиясын өндіруге арналған базалық шығындардың, атап айтқанда, отынға (оның ішінде газға және оны тасымалдауға, бағаның 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өсуіне), жалақыға және жөндеу жұмыстарына арналған шығындардың ұлғаюымен байланысты.
Электр энергиясын сататын энергия өндіруші ұйымдардың келесі топтары үшін 2024-2025 жылдарға арналған жаңа шекті тарифтерді белгілеу ұсынылады:
Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС – сағатына киловатт үшін 8,27 теңге (2024-2025 жылдарға қолданыстағы тариф сағатына киловатт үшін 8,05 теңге);
«Еуро-Азия энергетикалық корпорациясы» АҚ – 7,98 (7,4);
«Астана-Энергия» АҚ – 9,28 (8,49);
«Қазақстан алюминийі» АҚ – 7,87 (6,05);
«Степногорск ЖЭО» ЖШС – 28,97 (22,58);
«Жаңажолская ГТЭС» ЖШС – 11,85 (11,44);
«З-Энергоорталық» АҚ – 15.09 (13.79);
«ТНК «Қазхром» АҚ – 10,67 (7,59);
Құжат жобасы 2024 жылдың 23 тамызына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды. Ал бұйрық қабылданса, биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.