«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САҒАТТАП КЕЗЕКТЕ ОТЫРСАҚ, ЖАЗЫЛЫМНЫҢ ҚАЖЕТІ ҚАНША?

Таңсәріден жұмысымдағы басшыдан жарты сағатқа сұранып, ауруханаға бардым. Себебі, осыдан бірнеше күн бұрын дүйсенбіге сағат 09:15-ке хирургтің қабылдауына жазылған едім. Бар ойым — дәрігердің қабылдауынан тез өтіп, жұмысыма оралу. Дәрігер орнында болмай шықты. Кабинеттің алды адамға лық толы. Бірі жарасын таңдыруға келсе, енді бірі медициналық тексерістен өту үшін бір парақ қағаздарын жалпылдатып, есік алдында мөлейіп тұр. Медбикеден сұрап едім, дә-рігерде «пятиминутка» екенін айтты. Жә, жарар, бұлжиын дәрігерлер үшін жазылмаған заңдылық қой деп күтуді жөн көрдім. Арада жарты сағаттай уақыт өтті. Бірақ күткен дәрігердің төбесі көрінбейді. Есік алдына жиналып, кезек сұрағандардың ұзын сонары 20-дан асты. Бір мезетте медбике шығып, «медициналық тексерістен өтуге келгендерің кіре беріңдер» деді.

Балалы аналар мен жасөспірімдер бірінен соң бірі кіріп, қол қойдырып шығып жатыр. Қай уақыттан бері хирург үшін медбике құжаттарға қол қоятын болған, мүмкін қандай да бір сырқаты бар шығар деп ойлап отырмын. Бір жағынан мына кезек күткен адамдардың қарасының азайғанына іштей риза болып отырмын. Бірақ көзім — ұялы телефонымның сағаты мен ұзын дәлізде. Сырғыған сағат тілі мен сұранған уақыттан асып барады. Осылай сағат 10:00-ден ауды. Осы уақытта «дәрігер келе жатыр» деді сол жерде тұрғандар. Бәріміз қуанып кеттік. Менің алдымда тұрған адам дәрігердің қабылдауына кірді. Бір мезгілде науқаспен бірге шыққан хирург бас дәрігердің шақырып жатқанын айтып, тағы кетті. Мен кіретін едім ғой, енді не істедім?!. Сұранған уақытымда өтіп кетті. «Тағы жарты сағат кешіксем, ештеңе етпес, не болса да кіріп қаралып шығайын. Қайтақайта жұмыстан сұрана алмаймын. Бастығыма бір нәрсе қылып түсіндірермін. Ол да адамбаласы, түсінеді ғой» деп өзіммен-өзім сөйлесіп қоямын. Бір мезгілде аяғын сүретіп, бір науқас келді. Өзінің ауырып тұрғанын, кезексіз кіргісі келетінін айтып, өтініш білдірді. Ал мен болсам, кіргізсем өзімнің кешігетінімді, кіргізбесем адами қасиетіме сын болатынын ойлап тұрмын. Бір қарасам, өзімнің парақ ұстап келгендерге медициналық тескеріс болса, медбике қойып беретінін айтып, анықтамалық қызмет көрсетіп кеткенімді байқадым. Сағат 11:15-те соңына бірнеше адамды ертіп, күткен дәрігер келді, әйтеуір. Енді кіремін бе деп оңтайлана бергенімде, әлгі адамдарға ертіп, тағы кетті. Артында күңкілдеп мен және менен кейінгілер қалды. «Не масқара, ауырып тұрғандар бар», «не қылған бітпейтін жиналыс» дегендердің арасында «жұмыстан жарты сағатқа қана сұранып едім» деген менің де дауысым естіледі… Бір уақытта соңына жас келін еріткен егдежастағы әйел келіп, келініне кесір тілігі арқылы ота жасалғанын, үйінде 10 күндік баласы барын айтып, кезексіз кіретінін жеткізді. Енді бұны қалай кіргізбеймін?.. Ішін сүйретіп тұрған келіншекке қарадым да «дәрігер келгесін көрерміз» дедім.

Не керек, бір мезгілде дәрігер де келді. Кезегім келіп тұрса да, адами қасиеттен озбай, екі адамнан соң мен де кірдім. Алдында екі сағат тұрып қабылдауға кіргендегідәрігермендиалогымыз екі минутқа да жетпеді. — Хирургке қандай шағымыңыз бар? Бір жеріңіз ауырып тұр ма? — Жоқ. Денсаулығыма байланысты мүгедектік алу үшін облыс орталығындағы медициналық-әлеуметтік сараптамаға баруыма сізден анықтама керек, — дедім. — Жақсы, болды, бара беріңіз. Бұл жерде айтайын дегенім, дәрігердің қабылдауына не үшін жазылдық? Қойылған уақытта қабылдауға кіре алмасақ алдын ала жазылымның не қажеті бар? Ауруханаға еріккен адам келмейді. Басыауырып, балтыры сыздағасын келеді. Таңғы сағат тоғызға жазылып, есігінің алдында 2-3 сағат күтіп отыру деген сұмдық қой! Бұл дегеніміз — кезекке бірнеше күн бұрын жазылғаннауқастардыңуақытын сыйламау, ауырып келген сырқаттың денсаулығына немқұрайлы қарау, өзінің қызметіне жауапкершілік танытпау. Тағы бір айтқым келгені, «пятиминутка» деген аты болмаса, ұзақтығы 5 сағатқа созылатын бұл жиын өтіп жатқанда есік сыртында шыбын жанына араша іздеп, дәрігердің көмегіне мұқтаж қаншама жанның отыратынын басшылықтан бастап ескерулері қажет екені айтпаса да белгілі емес пе?!

Дәрігерлердің осындай іс әрекетінен кейін олардың қызметіне көңілі толмайтын адамдар күн санап көбейетіні сөзсіз. Ұшы-қиыры жоқ кезек мәселесін шешуге бағытталған жазылым кезегінің жағдайы да жақсы болмай шықты. Осындай жағдайлардан науқас жүйкесі жұқарып, ауруына ауру жамап, ауруханадан ауруханағасабылғанын естіп те, көріп те жүрміз. Бұл жағдайға құлағымыз түгілі, етіміздеүйреніп кетті. «Барлық жерде сол ғой, Алла аурудан аман қылсын, дәрігерлерге күніңді қаратпасын» деп тілеп отыратын күнгежеттік…

Самал САҒЫНТАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ЖҰРЫНДЫҚ АНСАМБЛЬ ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

«ҚАЗТЕРМОГРУПП» МЕКЕМЕСІ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

admin_mugalzhar

Биыл еліміздегі шетелдіктерге 1 млрд теңге айыппұл салынды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.