«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Жүлде қоры – 3 миллион 692 теңге»: Елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды

«Үздік педагог» республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау. Білім күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталды. Жеңімпаздарға 3 млн 692 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Байқауға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері қатыса алады.
Конкурс үш кезеңнен тұрады:
1 кезең – аудандық, қалалық деңгей (8-21 тамыз);
2 кезең – облыстық деңгей (22 тамыз- 10 қыркүйек);
3 кезең – республикалық деңгей (11 қыркүйек – 18 қазан).
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған педагогтер республикалық деңгейге өтеді. Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.edu.kz веб-порталында жүзеге асырылады.
«Үздік педагог» Республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау. Сондықтан зор. Осы уақытқа дейін 700-ге жуық жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған мықтылар анықталды.«Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Бұл — балабақша, мектеп, колледж мұғалімдері. Байқау аясында мұғалімнің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.
Айта кетейік, «Үздік педагог» атағының иегерлеріне 1000 АЕК көлеміндегі ақшалай сыйақы ғана емес, төсбелгілер де беріледі. Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында бар.

Ұқсас ақпараттар

ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫ ДАУЫС БЕРУДЕ

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

admin_mugalzhar

Үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат құжат тапсырды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.