«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Грант иегерлері анықталды

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен жоғары оқу орындарында мамандар даярлау үшін 40 орынға арналған (бакалавриат) грантты бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Білім беру гранттары жаңа 2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінді. Комиссияның шешімімен білім беру гранттарының иегерлері анықталды.

Өңірде сұранысқа ие мамандықтарға бөлінген 40 орынға  жалпы 23 үміткер құжат тапсырған.

Игерілмей қалған грант орындарын (орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, ветеринария, су ресурстары мен балық шаруашылығы, музыкалық режиссура) сұранысы жоғары мамандықтарға қосымша бөлу ұсынылды.

Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік тапсырысымен жоғары оқу орнын бітірген маман облыстың кез келген кадр тапшылығы орын алған жерге барып, келісімшарт негізінде кемі 5 жыл жұмыс істеуі қажет.

Грант иегерлері тізімде көрсетілген жоғары оқу орындарына 25 тамызға дейін құжат тапсырулары керек.

Ұқсас ақпараттар

АРМАНЫ ОРЫНДАЛҒАН АСЛАНБЕК

admin_mugalzhar

Қазақстанда алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады

admin_mugalzhar

Халық саны туралы жаңа деректер жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.