«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САҒА АУЫЛЫНДА КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Саға ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері ауыл арасын жалғайтын көпір қажеттігін айтып, мәселе көтеріп жүрген еді. Бұл мәселе биыл өз шешімін тауып, ауыл арасына демеушілікпен көпір салынуда.

Ауыл әкімі Мейрамбек Боқашев бүгінде салынып жатқан көпір құрылысының басында жалпы саны 17 адамның және 6 арнайы техниканың жұмылдырылып жатқанын жеткізді.

— Саға ауылының тұрғындары аудан әкімі Дархан Ермағанбетовпен кездесу барысында көктем кезінде ауылдың арғы бетінен бергі бетіне қатынастың болмай қалатындығы туралы айтып, адамдар жүретін көпір салып беру жөнінде ұсыныс жасалған болатын. Аудан басшысы мәселені шешу үшін аудан аумағындағы өндірістік мекемелермен келіссөздер жүргізді. Жүргізілген келіссөз нәтижесінде «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚна қарасты құрылыс басқармасының демеушілік қолдауымен көпірдің құрылыс жұмыстары басталып та кетті, — деді ауыл әкімі.

Н.АБАТ

Ұқсас ақпараттар

Ынтымақ пен татулық — Қазақстанның басты құндылығы

admin_mugalzhar

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Олимпиада алауы қандай болады

admin_mugalzhar