«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еліміздің жеті өңірінде құрғақшылық басталады

Қазгидромет қауіпті агрометеорологиялық құбылыс туралы ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Қазақстанның Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында алдағы 10 күнде құрғақшылық болады деп болжанып отыр.

— Атырау облысы аймағында, Жамбыл облысының Шу ауданында, Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданында, Қызылорда облысының Жалағаш ауданында, Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында, Ақтөбе облысының Шалқар мен Байғанин аудандарында, Түркістан облысының Арыс, Кентау, Отырар, Созақ аудандарында алдағы 10 күнде атмосфералық құрғақшылық басталады, — дейді синоптиктер.

Маусымға ауа райы болжамы жарияланды. Маусым айында 9 облыста құрғақшылық күтіледі.

Ұқсас ақпараттар

«Бір белдеу, бір жол» форумы басталды

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА 14 ҮЙ САЛЫНЫП ЖАТЫР

admin_mugalzhar

АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІ: ЖАҢА РЕГЛАМЕНТ КҮШІНЕ ЕНЕДІ

admin_mugalzhar