«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШТА 139 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қандыағаш қаласында қылмыстың алдын-алу және азайту мен қоғамдық қауіпсіздікті және қала тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 139 бейнебақылау камерасы орнатылып іске қосылды.

Бұл камералар тәулік бойы жұмыс жасайды. Олардың көмегімен полицейлер қала ішіндегі тәртіпті қадағалайды. Тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылау қажет болған жағдайда жылдам ақпарат алуға, жол қозғалысын бақылауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті сақтауға ықпал етеді.

Көшеде тұрып түкіру, белгіленбеген жерде шемішке шағу мен шылым шегу, жол ережесін бұзу, қоғамдық орындардағы заттарға зиян келтіру секілді тәртіп бұзушылықтар, осының бәрі камераның назарынан тыс қалмайды.

Бұл деректер аудандық полиция бөліміне тіркеліп, тәртіп бұзған адам анықталып, заң бойынша жауапкершілікке тартылады. Сол себепті, тәртіп сақтап, тазалыққа мән берейік!

Ұқсас ақпараттар

Оңдасын Оразалин: Қала шетіндегі елдімекендер тасада қалып қоймауы тиіс

admin_mugalzhar

Қарағандыда суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

admin_mugalzhar

Тоқаев Жаңа Қазақстанның мағынасын айтты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.