«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Аудан әкімдігінде Ақтөбе өңіріне белгілі ардагер журналист, Қазақстанның құрметті журналисі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры Идош Асқардың Ақтөбе облысының тарихи тұлғалары мен шежірелі жер атауларының деректеріне негізделген «Тарих мен тағылым шалқары» атты кітабының тұсаукесері өтті. Салтанатты шараға Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, өлкетанушы Қанатбай Елеусізұлы, аудан әкімі Асқар Шериязданов және аудандық мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.

Аталған тарихи кітапқа кітапхана қызметкерлері шолу жасап, кітап бөлімдеріне жеке-жеке тоқталып өтті. Жиын барысында сөз алған өлкетанушы Қанатбай Елеусізұлы тағылымы мол кітапта Кеңес үкіметі кезінде бұрмаланып айтылған тарихи деректердің өңделіп қайта жазылғанын атап өтті. Ал автор аталған кітапты жазудағы басты мақсаты – облыс тұрғындарына өңірдің тарихын толық, әрі толымды етіп жеткізіп, елге еңбегі сіңген тұлғаларды ұрпаққа үлгі ету екенін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ҚҰМСАЙҒА АУЫЗ СУ БЕРІЛЕДІ

admin_mugalzhar

ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАМҚОР БОЛҒАН САЯСАТ

admin_mugalzhar

Халықтың несие бойынша қарыздары тағы да кешіріле ме?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.